М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Myziki
Myziki
29.04.2022 16:31 •  Қазақ тiлi

Төмендегі сызба бойынша қысқаша мәтін құраңыздар/составить текст


Төмендегі сызба бойынша қысқаша мәтін құраңыздар/составить текст

👇
Ответ:
slava31012
slava31012
29.04.2022

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

Ана тілі - ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз. Ақиық ақын М.Мақатаев «Отан» атты өлеңінде:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп Отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.

4,4(3 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dkrechetov85
dkrechetov85
29.04.2022
1   Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.
      Кто слово не ценит, тот себя не ценит. 2   Жанған от тәнді жылытады, жақсы сөз жанды жылытады.
      Зажжённый огонь тело греет, доброе слово – душу. 3   Қиыстырып қаласаң отын жанар, қиыстырып айтсаң халық нанар.
      Если ладно сложишь, дрова загорятся; если складно скажешь, люди поверят. 4   Ми ойлағанды тіл тындырады.
      Что в голове зарождается, язык на свет выдает. 5   Жыланның уы – тісінде, адамның уы – тілінде.
      Яд змеи – в зубах, яд человека – в языке. 6   Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.
      Плохое слово до слёз доводит, хорошее слово утешает. 7   Құлаққа кірген суық сөз – көңіліңе барып мұз болар.
      Вошедшее в ухо холодное слово, в душе льдом становится. 8   Жаман сөз – жанға кірген тікен.
      Дурное слово занозой вонзается в душу. 9   Өсекшінің тілі қышып тұрады.
      У сплетника язык чешется.10   Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын.
       Многословие – серебро, молчание – золото.
4,8(71 оценок)
Ответ:
Tjfjfjcgjgk
Tjfjfjcgjgk
29.04.2022
Наурызкоже казактын улттык тагамдардын быры.
халықтык дастур бойынша оган бидай , тары ,сур,
ет, буршак, су ,сут , туз сиякты жеты турлы тагам косылады . Дайындау ушын ен алдымен қазан толы сутты қайнатып, сут піскеннен кейін онын бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сут абден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сурімізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жугері, тары, асбуршақ, куріш тарізді қоректік заттардын жеті турін сут пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыныз дамді болсын!
4,8(88 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ