Мәтіндегі теріп жазған зат есімдерді септеңіз Оразов «Байқоңырдың» жолына ең таяу деген
қос жұлдыз шоғырына бұрылуға ұйғарды. Ол небәрі
он жеті планетадан құралған. Қос жұлдыз егіз
Күндер іспеттес. Екеуінің дәл ортасынан орбита
сызып, бір алып сарғыш планета айналып жүр. Екі
Күн ата-анасы, ал ана планета олардың кенжесі
тәрізді. Екі шырақтың нұрлы сәулесіне бөленіп,
ерекше жарқырайды ол. Бүкіл әлемдік тартылыс
заңының ең бір ғажап қасиетін бір өзі пайдаланып
тұрғандай. Қай жағында болсын мәңгі жарық,
біркелкі мәңгілік температура. Шіркін, үстінде өмір
бар ма екен, жоқ па екен?
Оразов «Байқоңырды» дәл осы планетаға
бағыттады. Экипаж мүшелері үнсіз ишаратпен бұл
шешімді мақұлдағандай. Тек ерке Кибер алақанын
соққылап қуанып қалды. Алақай, жаңа планета
көреміз!Мәтіндегі зат есімдерді септеу
Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.