Негізі бұл тамақтың аты ЕТ,қазақтар тек қана "ет асу"- деп қана атаған. Біздің бұл тағамыздың тарихы өте көнеден келеді және ол уақыттарда бізде шанышқы деген ұғым болмасада керек,сондықтан бұл жерде таластың орны да жоқ. Келе-келе Бесбармақ атауына ие бола бастады, неден шыққаны түсінікті болар. Тағам негізінен саусақпен желінеді, ол ешқандайда мәдениетсіздік немесе жабайылық емес, тағамның өзіндік ұлттық ерекшілігі. Ондай жағдайлар өзге ұлттарда да көптеп кездеседі.Мысалға өзбек халқының палауын алсақта болады.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.