Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады. Ит тамағы үшін жүгіреді. Құс тамағы үшін ұшады. Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады. Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді. Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға. Құс баласы қырымға қарайды. Қаршыға ілген қазға сын. Қаршығалыға қоян кездеспейді, Жарақтыға жау жолықпайды. Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық. Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер. Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан келмей, боз болмас. Жапалақ мақтанса, Жардан қоян алдым дер. Жаман мақтанса, Жақсының жағасынан алдым дер. Қарға қарғаның көзін шұқымас.
- Сәлем! -Сәлем! -Не істеп отырсын? - Қазір маған досым хабарлауы тиіс, соны күтіп отырмын. -Менің байқауымша сен телефоннан түспейсін өзі. - Қазіргі заман солай ғой. Телефонсыз өмір жоқ. Пайдасы көп... - Иә, шыныменде! бірақ ұялы телефнның зияны да бар. Ұялы телефон қолданған кезде: есте сақтау қабілеті нашарлайды, танымдық қабілеті төмендейді, балалрдың көбісі ашуланшақ, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ұялы телефонмен көп сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы мүмкін. Сол себепті телефонда көп отыра берме! -Жақсы, рахмет! енді күні-түні отырмайтын боламын)