Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
I жақ — Мен жауап бердім, тыңдадым, сұрадым, қыдырдым.
ІІ жақ — Сен жауап бердің, тыңдадың, сұрадың, қыдырдың.
Сіз жауап бердіңіз, тыңдадыңыз, сұрадыңыз, қыдырдыңыз.
ІІІ жақ — Ол жауап берді, тыңдады, сұрады, қыдырды.
Көпше:І жақ — Біз жауап бердік, тыңдадық, сұрадық, қыдырдық.
ІІ жақ — Сендер жауап бердіңдер, тыңдадыңдар, сұрадыңдар, қыдырдыңдар.
Сіздер жауап бердіңіздер, тыңдадыңыздар, сұрадыңыздар, қыдырдыңыздар.
ІІІ жақ — Олар жауап берді, тыңдады, сұрады, қыдырды.
Объяснение:
Жедел өткен шақ жұрнақтары — ты, ті ды, ді.
Мысалы: Жүр — жүрді.