Б клаылым ОБЛЫМ
ЖАЗЫЛЫМ
АТТЫШЫМІ
7-тапсырма. «Бөлшекте,
жинақта!» Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топтағы оқушылар 1, 2,
Nз деп белгіленеді. 1-кезеңде әр топтағы балалар мәтіннің өздеріне
тиесілі бөлігін оқиды. 2-кезеңде әр топтағы балалар нөмірлеріне сәйкес
топ болып бірігеді. Олар өздері оқыған мәтін бөлігінің мазмұнын бірігіп
талдайды, ой бөліседі. 3-кезеңде топ мүшелері қайта өз орындарына бара-
ды да, жалпы мәтін мазмұны бойынша кеңесіп, өздері қалаған тәсілмен
Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған.