A) Берілген сөйлемдердің ішінен бірыңғай сөйлем мүшелерін тауып, оларға талдау жасаңдар. Тапсырманы орындап болған соң, жұмыстарыңды бір-біріңмен
ауыстырып, жұптық бағалау жүргізіңдер.
1. Ертеде қаракесек пен қыпшақ руларының арасында бір дау
болады. Қызыл тарланбас өзі құтты, өзі сүтті бие еді («Шешендік
шиырлары»). 2. Бұлар Қазан, Уфа, Бұхара, Ташкент, Түркістанның
медреселерінде, мешіттерінде оқыған («Қазақ әдебиеті» газетінен).
3. Адамзаттың қайғысы мен қуанышы мені жеке адамның өзінен артық
қызықтырады. Адамдардың жаман екенін ажыратушы мен емеспін.
Өйткені өзім де солардың бірімін. Қаласа да, қаламаса да жұрт мені
ақын ретінде түсінеді. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты
жеңуге болмайды (М. М
2.Дамытушылық:сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөйлем мүшелерін ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік:ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі :жаңа сабақ
Көрнекіліктер:кесте;, суреттер, қималы карточкалар., сызбалар.
Әдіс-тәсілдер:жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеруҮй тапсырмасын тексеру.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс
Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.
Балам-ау, күні бойы қайда жүрсің? Бері жүр, Аян ,мына жақта жидек бар.
Айдын, кітапты берші.
-Сөйлемдерді тақтаға жазу, назар аудару ,тыныс белгілерін қою.
Осы сөйлемдердің ұқсастығы неде? Қандай ерекшеліктері бар?
1 жаттығу оқу, талдау.
2жаттығудағы сөйлемдерді салыстыр:
Арайлым, сен кітапханаға бардың ба?- Арайлым кітапханаға барды.
Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздерді қаратпа сөз дейді. Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.
Суреттер бойынша қаратпа сөзі бар сөйлемдер ойла, тыныс белгілерін қой.
Қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды, оған сұрақ қойылмайды. Қаратпа сөзді бастауыштан ажырата білу керек.
Сергіту сәті:
3.Жаңа білімді бекіту:
Ата, туған өлкем сөздерді бірде қаратпа сөз, екінші жағдайда бастауыш болатындай сөйлем құрап жаз.
Ата, үйге қайтайық.- Ата ауылға келді.
Туған өлкем, неткен сұлу едің.- Менің туған өлкем тамаша!
13 жаттығу өлеңді оқы. Өлең мазмұнына сәйкес келетін қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын тап.
Балақай
-Бүлдірген тереміз, балақай.
-Алақай!
-Ат жарыс көреміз, балақай.
-Алақай!
-Айғаұшып барамыз, балақай.
-Кел ,ағаш жарамыз, балақай.