қариясы бар үйдің қазынасы бар,-деп бекер айтылмаған. менің отбасым- үлкен отбасы. отбасының тірегі атам мен әжем. мен әжем туралы айтпақпын. менің әжем отбасының ұйытқысы, ақылшысы, өте мейірімді жан. атамның өзі көп істерді әжеммен ақылдасады. әжем ешқашан дауыс көтеріп, айқайламайды, жәй ғана ақылын айтып, дұрыс істемеген істерімізді жөнге салады. әжем салт-дәстүрді, мақал- мәтелдерді көп біледі. қажет жағдайда сол мақал-мәтелдерді орнымен қолданып, мағынасын түсіндіреді. әжем ою-өрнек салып кілем тоқиды. қолын тігін тігу, тоқу бәрі келеді. біз анам екеуміздің әжемнен үйренгеніміз көп, ал үйренеріміз одан да көп. әжетайыма көр рахмет.
лол
Есімше.
Қимыл-әрекетті білдірумен бірге есім сөздің де белгілерін білдіретін етістіктің түрі есімше деп аталады: көрген кісі, алған адам, оқылатын кітап, кірер есік, естір сөз, айтылмақ сөз т.б.
Есімшенің жұрнақтары :
1) –ған,-ген, -қан,-кен: жазған, көрген, айтқан, өткен т.б .
2) –ар,-ер,-р,-с: жазар, берер, сөйлер,айтпас, бермес т.б.
3) –атын, –етін,–йтын, йтін: қалатын., көретін, қарайтын, тілейтін т.б.
4)—мақ,–мек,–бақ,–бек,–пақ,–пек: тындамақ, естімек, қайтпақ, кетпек, жазбақ, кезбек т.б.
Есімше заттың белгісін білдіргенде, сөйлемнін анықтауыш мүшесі қызметін атқарады: Естілген сөздің жалған болуы мүмкін. Көрген көзде кінә жоқ.
Көсемше
Көсемше депнегізгі қимыл– әрекеттің қалай; қайтып жасалатынын білдіретін етістіктің түрі аталады. Мысалы, қарқылдап(қалай? ) күлді, күлімсірей( қалай?) қарайды, қасқайып(қайтіп?) тұра қалды,асықпай (қалай?) сөйлейді т.б.
Көсемшеніңжұрнақтары:
– ып, -іп, -п: бар-ып, көр-іп, сана-п, сөйле-п т.б.
–а, -е, -й: сыз-а, қал-а, бер-е, көр-е, сана-й, сөйле-й, келме-й, барма-й, т.б.
–қалы, -келі, -ғалы, -гелі: қайт қалы, кет-келі, тұр-ғалы, кел-гелі т.б.
–қанша, -кенше, -ғанша, -генше: қайт-қанша, өт кенше, бол ғанша, біл-генше.