Объяснение:
Күлтегін (684-731 жж.) - Құтлық(Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ашина тектi.
Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады.[1]
Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түрік еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді:
Он алты жасына келгенде алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Ол тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандады. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық... Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты...
Бiр аптада жетi күн бар. – В одной неделе семь дней.
Сөздiкте үш мың сөз бар. – В словаре три тысячи слов.
Сыныпта отыз екi адам бар. – В классе тридцать два человека.
Реттік сан есімдер (Порядковые числительные) Қаңтар - жылдың бiрiншi айы. – Январь - первый месяц года.
Он тоғызыншы палатада әжем жатыр. – В 19-ой палате моя бабушка лежит.
Жиырма бесiншi қазан - Республика күнi. – 25 октября - день Республики.
Он бесіншi ақпан. – 15-ое февраля. Жиырма екіншi наурыз. – 22-ое марта.
Бiріншi қантар - Жаңа жыл мейрамы. – Первое января - Новогодний праздник.
Он алтыншы желтоқсан - Тәуелсiздiк күні. – 16 декабря - день независимости.
.Жинақтық сан есімдер (Собирательные числительные)Екеуiнде кiтап бар. – У двоих книги есть.Мыналардың бiреуiнiң аты - Жан. – Имя одного из них - Жан.Олардың екеуi. – Они вдвоём. Бiздiң үшеуiмiз. – Мы втроём.
Болжалды сан есімдер (Приблизительные числительные)Біздің үйде қырықтай гүл бар. – В нашем доме около сорока цветов есть.
Бізде елуге жуық қызметкер бар. – У нас около пятидесяти сотрудников есть.
Алма нешелерде? Жиырмаларда. – Алме сколько лет приблизительно? Около двадцати.
Қайраттың жасы қырықтарда. – Возраст Кайрата около сорока.
Бөлшектік сан есімдер (Дробные числительные)үштен бiр – 1/3 - одна третья
бiр бүтiн бестен екi – 1 2/5 - одна целая две пятых
он алтыдан бiр – 1/16 - одна шестнадцатая нөл бүтiн оннан бес – ноль целых пять десятых (0,5)
сексен төрт бүтiн жүзден он үш – восемьдесят четыре целых тринадцать сотых (84,13)
Топтау сан есімдер (Разделительные числительные)қырықтан – по сорок, екiден – по два
жүз елу бестен – по сто пятьдесят
он-оннан – по десять, бес-бестен – по пять