Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. сондықтан оны “шілде күзет” деп те атайды. бұл ғұрыптың түпкі мәні мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. дәстүрлі қазақ қоғамында үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп жолатпай, мен анасын жақсылап күткен (қ. қырқынан шығару). әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған