Жақанов зулатып сабақ айтып болған соң, Қожаны тақтаға шақырған мұғалім кім? 2. Қожаның фамилиясы?
3. «жай түскендей» сөзінің мағынасы?
4. Тұрсынбаев кімнің фамилиясы?
5. Михайловна Жантастан сабақ сұрағанда қандай қулық жасады?
6. Жаттамағанын мойындаған Жантас, «Неге жаттамадың?» - деген мұғалімге қандай сылтау айтты?
7. «зымияндық», «табалау», «жем болу» сөздерінің мағынасы қандай?
8. Майқанованың сабақ сұрау тәсілі қандай? Ал Анфиса Михайловнанікі ше?
9. «тасбауыр», «мығым», «маңғаздану», «тәжім ету» сөздерінің мағынасы?
10. Мектеп күзетшісі кім?
11. Қожаны педсоветке қай ақымақтықтары үшін шақырған еді? Бірнеше (тізіп жаз)
12. «жұпыны», «шолақ ойлау», «шикі» сөздерінің мағынасы?
13. Темір кім? Қожаға қай кезде болысты?
14. «Қадыров мектептен шығарылсын!» дегенде қол көтерген 1 адам, ол кім?
15. Жанардың фамилиясы, ол қандай қыз?
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.