Менің анам
Менің анамның есімі – Зәуре. Анам 42 жаста. Анам мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жиырма жыл жұмыс істейді. Анам мектепте қатал мұғалім болғанымен, үйде өзімізге сүйікті әрі мейірімді ана. Жұмыстан бос уақытында анам бізге тәтті тағамдар пісіріп, бізді еркелетеді. Сонымен қатар анам бізді үлгілі әрі тәртіпті болып жүруімізді қадағалап, үнемі ақылын айтып, тәрбиелеп отырады.
Әрқайсымыз ер жетіп, бой жеткенде ата анамыздың бізге артып отырған үкілі үміттерін ақтап, саналы ұрпақ болып өсеміз деп сенеміз.
Мен анамды өте жақсы көремін.
Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.
Оқырмандарға белгілі жазушыларымыздың бірі Ғабит Мүсірепов ана туралы көп қалам тербеген. Оның бізге “Өлімді жеңген Ана”, “Ғазиз ана”, “Ананың анасы”, “Ер ана”, “Ақлима”тәрізді әңгімелері белгілі. Шығармашылығының басым бөлігі анаға арналғандықтан жазушының әйел адамға , анасына деген көзқарасы ерекше болғаны айқын байқалады.
Менің де анам бар. Ол мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын.Мен мына өлең шумақтарын аяулы анама арнаймын:
Нұрын шашқан күніміз,
Айжұлдызды түніміз.
Мәпелеген қамқоршым,
Ана біздің гүліміз.
Мен бұл сөзімді “Адам “адам” болғысы келсе, алдымен анасын құрметтей білуі керек” деп аяқтаймын. Себебі, анасын сыйламаған адам болып жарытпас.