Негізі көбісі өнердің ешқандай маңызы да пайдасы да жоқ деп ойлайды. Бірақ сол адамдардың өнерінің арқасын да емес пе түрлі қажетті заттар мен бұйымдардың шығып жатқаны. Мысалы қолөнермен айналысатын адамдар көз майын тауысып түрлі көздің жауын алатын заттар жасайды. Ол әрине керемет зат болғандықтан қас пен көздің арасында сатылып кетеді не болмаса кәдесіне асады. Солай жалғастыра берсе әлі ақ үш ұйықтаса да түсіне кірмеген заттарды жасайды. Ол өнертабыстың адам өміріне әкелетін пайдасы қандай өте көп.
Мәтін
Қазақ тілі олимпиадасына қатысқым келеді.
Міне,көп ұзамай 9-сыныпқа да қадам басқан едім.Мектеп бітіруіме аз қалғанына сенерімді не сенбесімді білмей жүрмін.Болашақ туралы ойлануды бастау керек.Келешекте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болуды армандаймын.Сол себепті мектеп ішінде болатын не қалалық,облыстық қазақ тілі пәні бойынша олимпиадаларға қатысқым келеді.Олимпиадаларға қатыса отырып сен өзіңе тәжірибе жинайсың деген маған ұстазым.Қазіргі таңда оқу жылының басы болса да көптеген жоспарларым бар.Солардың бірі – қазақ тілі олимпиадасына белсене қатысу.
Қосымша:
Көмекші сөздер — лексикалық мағынадан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер.Көмекші сөздер көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнеше түрге бөлінеді.