М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mariy2104
mariy2104
05.06.2020 23:08 •  Қазақ тiлi

1 - тапсырма . Мәтіндерді оқыңдар . Тірек сөздерді тауып , негізгі ойды анықтандар 1. « Біздің бай тарихымыздың материалдық емес мұрасы терең рухани мағынаға ие және ол ұлттың мәдени құндылықтарының негізі саналады . Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның бір жетістігі ЮНЕСКО - мен ынтымақтастық қарым - қатынасты орнату және нығайту болып саналады . Соның нәтижесінде 2014-2015 жылдары адамзаттың бүкіләлемдік материалдық емес мәдени мұралар тізіміне қазақтың киіз үйі , айтыс және күй өнері енгізілді . Қазақтың қасиетті киіз үйі , суырыпсалма айтысы мен күмбірлеген киелі күйі енді қазақтың ғана емес , бүкіл адамзаттың рухани мұрасы саналады . Оған куә бүгін мұражайға тапсырылып отырған ЮНЕСКО - ның арнайы сертификаттары ... » деп атап өтті И.Тасмағамбетов . ЮНЕСКО - ның тізіміне мұраларды тіркеу Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға , сондай - ақ оларды қорғау бойынша ұлттық деңгейде жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етеді .

2. « Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі » шеңберінде бағзы замандардан ! келе жатқан күй атасы – Қорқыттан бастап ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық . Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс , Батыс , Арқа , Қаратау , Жетісу , Сыр бойы , Маңғыстау күй мектептерінің ғана емес ,елімізден тысқары Моңғолия , Қытай қазақтары күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн . Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын азаттыққа , бостандыққа ұмтылу , ел тәуелсіздігін аңсау . Осы тұрғыдан алғанда , қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап , бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған , тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық .

3. Күй құрылымы жағынан шағын болғанмен , мазмұны терең , ойлы , сырлы , әуендік бітімі күрделі , музыкалық формасы кемел , жанрлық заңдылық белгілері әбден тәптіштелген аспаптық пьеса . Күйдің қай заманнан бері тартылып келе жатқандығының нақты дерегі жоқ . Бірқатар зерттеушілер күй бағзының бағзысында , ғұн , түркі дәуірінде пайда болған деп пайымдайды . Күйлер , негізінен , үш домбыра , қобыз , сыбызғыда орындалады . Соның ішінде дәстүрлі қазақ музыкасының мейлінше кең таралған және аса биік профессионалдық өреге жеткен саласы – домбыра күйлері . Бұл - XVII XIX ғасырларда байқалған құбылыс . Алайда ең көне күйлердің қобыз бен сыбызғыда орындалғаны даусыз ақиқат . аспапта


1 - тапсырма . Мәтіндерді оқыңдар . Тірек сөздерді тауып , негізгі ойды анықтандар 1. « Біздің бай т

👇
Открыть все ответы
Ответ:
artumko04
artumko04
05.06.2020
1986 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік үшін қазақ жастары Алматыдағы орталық алаңға шеруге шықты. Ол жастардың көбісі студенттер болатын.Желтоқсан оқиғасына қатысқан 99 жас сотталып,2-уі ату жазасына кесілді. Олар тәуелсіздік үшін күресті. Ату жазасына кесілгендердің бірі  Қайрат Рысқұлбеков еді-ол тек шеруге шығушы емес, ақын дарынды жас еді. Кайрат Рысқұлбековты кейін 20 жыл өмірін түрмеде өткізуге кесілген болатын,соңынан Семей түрмесіне көшіріліп,құпия түрде өлтірілді. Қазақ жастары азаттық үшін көресіп, соңынан 1991 жылы олар армандаған тәуелсіздік күніне жеттік. Қазіргі күнде Қазақстанымыз Азат ел. Қазақстанымызды дүниежүзі таныды десек артық етпейді.
4,6(30 оценок)
Ответ:
Annakitte0
Annakitte0
05.06.2020
дауыс

 

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.

Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.

С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.
4,8(41 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ