Ғаламтордың рөлі.
Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...
Дегенмен, әр нәрсенің шегі болу керек. Бұл сөздер ғаламторға да қатысты. Себебі бір нәрсе іздеп отырып, басқасын көзін шалып қалып, қызықтың жетегіне еріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Ал сол уақытты отбасыңмен немесе достарыңмен өткізіп, пайдалы іспен айналысуға болады. Қазір байқасаңыз жиын – тойларда, достардың кездесуінде жастар бір – бірімен сөйлесіп, әңгімелесудің орнына телефондарына үңіліп отырады. Бұл да ғаламтордың кері әсері деп білемін. Сондықтан ғаламторды тек қажетті уақытында пайдаланып, бос уақытты өзіңізге, отбасыңызға арнаған дұрыс деп есептеймін. Себебі айналаға қарасаңыз қызықты істер жетерлік: отбасылық кештер, таза ауада серуендеу, достармен кездесу, түрлі ойындар, жиындар, концерттер... Бір күнді ғаламторсыз, яғни оффлайн өткізіп байқап көріңізші.
Объяснение:
ответ:Тәкаппарлықтың биік шыңы, өзіңді өзгеден биік санау. Өзгеге жоғарыдан, көкіректі керіп сөйлеу. Адамды менсінбеу, адам құрлы көрмеу, кекетіп, мұқатып кемшілігін бетіне басып, сөзбен жанды жерін шымшып отыру, қысқасы, өзіңді зор, өзгені қор көріп істейтін іс-әрекеттің бәрі - тәкаппарлық болып саналады. Тәкаппарлық- қуыс кеудеден пайда болады. Тәкаппарлық - бұл жаман қасиет!
Адам дүниеге келгенде тәкаппар болып туылмайды. Адам туылғанда таза, пәк күйінде болады. Тәкаппарлық- а жолдан жабысатын мінез. Бір-екі белестерді бағындырған кезде, бір жұмыстарың өрге домалаған кезде, жолың ашылып, армандаған армандарыңа, алға қойған жоспар, мақсаттарыңа жеткен кезде, бір кісілерде тәкаппарлық мінез пайда болады. Бәріне өзім жеттім, өз қолымды өз ауызыма өзім жеткіздім деп, көкірегін ұра бастайды. Негізінде олай емес екенін, Алланың берген бағы, сыйы, несібесі екенін ұмыт қалдырады.
Объяснение:жетеді деп ойлаймын