Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп.
Шешесі:
- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.
Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен:
- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады.
Әжесі айтты:
- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.!
Объяснение:
Біз табиғатты аялауымыз керек. Өйткені табиғат бізге қаншама нәрсе беріп келе жатыр, біз болса оны құрытумен әлекпіз. Мысалы үшін ағаштар бізге таза вуа береді, біз болса ағаштарды кесіп, оның орнына үлкен ғимараттар құрып жатырмыщ. Суларга әртүрлі қоқыстар тастап судыда ластадық. Біз бұлардың барлығынан алшақ болуымыз кеоек. Табиғатты аялайық