Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілікті бейнелейтін т тұр. Оның есімі – Тәңірі, Құдай, Алла, Бог, т.б. Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы Дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан тартып ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден ешқашан айырылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке.
Мен анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім тез ашуланатын мінезім бар. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым» деп өкініп қаламын. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды адам. Осындай сәттерде мен анама барып, көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын.