М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nadjabolkina
nadjabolkina
07.04.2020 21:11 •  Қазақ тiлi

Определите тему текста и основную мысль.


Определите тему текста и основную мысль.​

👇
Ответ:
Викарайс
Викарайс
07.04.2020

В стране Дешты Кипчак каждые три года со времен моего деда проходило традиционное собрание под названием Батыр Саис. Сила рук героев и то, как они использовали свое оружие, подверглись критике на соревнованиях. Было проверено единство командиров. За соревнованием последовала большая вечеринка, герои сдружились, старики поссорились со своими сыновьями и дочерьми, страна стала более уважительной, а богатые по очереди. Мой дедушка чувствовал себя давным-давно. Улан-Удэ огромен, неисчислим

4,7(49 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
AlexFireStreamGun
AlexFireStreamGun
07.04.2020

Түйелер (лат. Camelus) – сірітабандылар отряд тармағының түйетәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы. Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі) — негізгі өсірілетін жерлері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі; бір өркешті түйе (дромедар), — Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері — Қарақұм. Қоспақ түрлеріне, пайдалануына, қанына қарай: аруана, желмая, нар деп аталады. Түйенің еті мол, жүні биязы болады.

Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5 – 10%-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20 – 25%-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет.

Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр, дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.

4,5(67 оценок)
Ответ:
dominika6
dominika6
07.04.2020

Менің сүйікті спортшым

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.

Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.

4,7(30 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ