Қазақстан Республикасының елордасы-Нұрсұлтан қаласы.
Мен тарихи ескерткіштер мен мұражайлардың жанына барып ,естелікке суретке түстім. Естелік адам өміріндегі тамаша сәттерді,бақытты кездерді еске салады.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Мақал мәтелдер:
1)Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы. 2) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. 3) Ел іші — алтын бесік. 4) Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы. 5) Ер — елінде, гүл —жерінде.
- Салем! - Салем! Не істеп отырсың? - Комьютерде сабақ қарап отырмын. - Бірақ ол көзіңе зиян ғой! - Егер дұрыс пайдалана алсаң зиян емес. - Осы комьтердің жалпы не пайдасы бар? - Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа аламыз. Өзімізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегімізге жарата береміз. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. - Саған көп рахмет! Сенің арқаңда көптеген мәліметке қарық болдым.
Объяснение:
Мен жақындарыммен жазда елордаға қыдырып бардым.
Қазақстан Республикасының елордасы-Нұрсұлтан қаласы.
Мен тарихи ескерткіштер мен мұражайлардың жанына барып ,естелікке суретке түстім. Естелік адам өміріндегі тамаша сәттерді,бақытты кездерді еске салады.