Объяснение:
Қазақстанның орманды даласында, шөлді жерлері мен таулы аймақтарында кездесетін 4 түрі: дала cуыры, сұр cуыр, ұзынқұйрық суыр және Мензбир суыры бар. Дене тұрқы 30 – 60 см, құйрығының ұзындығы 10 – 25 см, салмағы 3 – 8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жирен, кейде қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына бір рет наурыз – сәуір айларында көбейіп, 15 – 20 жыл тіршілік етеді. Дала суыры мен ұзынқұйрық суырдың кәсіптік маңызы бар. Олардың бағалы терісінен бас киім, сырт киім тігіледі. Суыр майы халық медицинасында әр түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады.
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдарарасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.
Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде.[1]