Абылай ханға мінездеме.
Абылай ханға саяси мінездеме беру үшін, біріншіден, Абылай өжет, ер жүрек, ешнәрседен сескенбейтін, тайсалмайтын тұлға болған. Абылай айтқанынан қайтпаған, алдына қойған мақсатына жетпей тынбаған. Мұны дәлелдейтін көптеген тарихи деректер бар. Ол халықтың жадында да сақталған. Үмбетей жырау Абылайға:
«Жиырма жасың толғанда,
Қалмақпен соғыс болғанда.
Алғашқы бақыт тапқанда,
Шарыштың басын қаққанда.
Қанжығаға бас байлап,
Жау қашты деп айқайлап,
Абылайлап шапқанда.
Сол ерлікпен хан болдың,
Барша әлемге даң болдың» – дейді.
Екі жыл жоңғар тұтқынында болған Абылай өжеттігімен, ақыл-ойының, парасатының нәтижесінде төніп тұрған ажалдан абыроймен босанып шыққан.
Екінші, Абылай өткір ойлы терең білімді, шешен болғаны айтылады. Түркі халықтарының тілін айтпағанда, Абылай парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. Жоңғарияда тұтқында болғанда Абылай монғол тілін жетік үйреніп, оқи да, жаза да білген. 1760 жылы патша шенеуніктерімен бір кездесуінде ел жағдайы туралы әңгіме болғанда Абылай былай дейді: «Әр халық өз түсінігі бойынша өмір сүретін, орыстар даналығымен, қалмақтар тапқырлығымен, ал біз қазақтар байлығымен». Осы сөздерді тыңдаған қазақтар бұл әділ сөз деп құптаған.
Үшінші, Абылай реалист саясатшы болған. Былайша айтқанда, қоғамдық өмірге, халықаралық жағдайларға шындық тұрғысынан қараған мемлекеттік қайраткер. Қоғам ішіндегі мәселелер болсын, мемлекет арасындағы қарым-қатынас болсын, Абылай оларға реалистік тұрғыдан қарап, шешу үшін күрескен. Деректерге қарағанда, Абылай мәселені Кеңеске салудың алдында мұқият зерттеп, соның дұрыс шешілуіне бар күшін салып отырған. Өз пікірін тұжырымдағанда ғана ханға, хан болмай тұрып, не басқаларға, сұлтандарға, билерге, батырларға жалтақтамаған. Өз ойын, пікірін дұрыс деп есептесе, соны дәлелдеп, жүзеге асыруға бар күшін салған.
Төртінші, көрегендікпен қатар Абылай сабырлы, шыдамды саясатшы болған. Алдына қойған мақсатына жету үшін ол қандай да болсын, қиыншылыққа, ауыртпалыққа төзіп, күте білген. Абылай сегіз қырлы, бір сырлы болған мемлекет басшысы. Бірақ, оның қателіктері болған шығар, қатыгездігі де болған шығар.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Цитаталарды келтіру;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пункт., орфогр.);
• Юмор, сарказм;
• Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні».
Жиі кездесетін қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.