60-жаттығу
1.Бүгінгі сөйлейтін сөзiм "Робот техникасы —болашақтың маманы" деген тақырыпқа арналады.
Егер біз ойлана алсақ,қазіргі шынайы өмiрiмiздi бiлемiз.Ендеше,болашағымызды да ойлап,оны өзiмiз жасай аламыз.
2. Менің ойымша,робот барлық қажеттілікті жасай алады. Әсіресе,кәсіпкерлерге таптырмас құрал.
3.Себебі, ол лезде бiрнеше адамның жұмысын атқара алады,жалақы алмайды және жұмыс уақыты шектеусіз.Мен роботтың пайдасы орасан зор деген пікірдемін.Сол себепті,робот техникасын дамытуды ұсынар едім.
Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» дейтін жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Осы әңгіме қанша рет айтылса да, оны іс жүзінде жүзеге асыратындар некен-саяқ. Егер адамдар жар таңдаудан қателеспесе, қоғамда ажырасу азайып, отбасының шырқы бұзылмас еді. Егер, мамандық таңдаудан қателеспесек, дәл қазіргідей маман тапшылығы болмас па еді?!
Көп мектеп бітіруші түлектер тест сұрақтарын білімділіктің барометрі санайтындығы. Олардың өзі таңдаған салаға (ғылымға) тек тест сұрақтары тұрғысында ғана дайын болуы. Ал, ЖОО-ларда білім беру жүйесі әрқалай. Тек сессия соңындағы емтихан тесттері болмаса, жаттанды «білімнің» іске аспайтындығы студент өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, әр талапкер таңдаған мамандығына байыппен қарап, оқушы кезінен бастап жан-жақты дайындық жүргізгені абзал.
Салт және сабақты етістік
Салт етістік — табыс септікті сөзді қажет етпей, түрлі қосымшалы сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі. Салт және сабақты етістіктердің тұлғалық жағынан айырмасы жоқ, негізгі ерекшелік етістіктің ішкі мағыналық құрылымында. Етістіктің салт не сабақты болуы мағыналарының нысанға бағытталуына байланысты болғандықтан, Салт етістік сабақты етістікке, керісінше, сабақты етістік салт етістікке айнала алады. Салт етістікті сабақтыға айналдыруда -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -ыр, -ір, -т секілді өзгелік етіс жұрнақтары (ағаш өсті — ағашты өсір; орындықта тұр — орындықты тұрғыз, т.б.), ал сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын -ыл, -іл, -л, -н тәрізді ырықсыз, өздік етіс жұрнақтары (сабақты оқы — сабақ оқылды; кітапты ал — кітап алынды, т.б.) үлкен рөл атқарады.
Сабақты етістік — табыс септігіндегі сөзді керек ететін етістік түрі. Табыс септікті тура толықтауышты меңгеру немесе меңгере алмау қасиетіне қарай етістіктер салт және сабақты болып бөлінеді. Салт және сабақтылық категориясы етістіктің грамматикалық семантикасымен байланысты қалыптасқан құбылыс. Оның субъекті мен объектінің грамматикaлық (синтаксистік) қатынасын өзгертіп отыратын ішкі семантикалық мазмұны болады. Мысалы, құданы шақыр, ақиқатын біл, қымызды сапыр.
Объяснение: