Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Табақ тартудың шебері ретінде үйіне шақырып, табаққа етті мүшелеп салу кәдесін жасауды оған сеніп тапсырады. Айтуынша, малдың жілігін орнымен тартпаса, қонағына деген сый-құрметті дұрыс көрсетпегенмен тең.
Жалпы қазанға етті қонақ санына қарай саламын. Бес адамға бір табақ ет есептелінеді. Ал бір табаққа кемінде екі жілік салмасаң аздық етеді. Мысалы, бас табаққа жамбас міндетті түрде салынады. Бас табақ үлкендерге тартылатындықтан, жанына кәрі жілік салынады. Бірақ кәрі жілік бір бөлмеде отырған қонақтарға бірнеше табақ тартылғанда екі рет салынбайды.
Екінші табаққа ортан жілік, қабырға, омыртқа, сүбе, құйрық май салынады. Үшінші табаққа жауырын салынады омыртқа, сүбесі, құйрық майымен салынады. Ал төртінші табаққа асықты жілік. Егер күйеу болса төсін қосады.
Ал құдағиларға арнап бесінші табаққа жағымен қосылып жамбасты салады. Келесі табаққа кәрі жілік қабырғасымен, омыртқа сүбесімен салынады. Одан кейінгі табаққа ортан жілік салынады. Содан кейін тоқпан жілік алынады. Жауырынмен тағы бір табақ тартылады.
Қалған тоқпан жілік, асықты жілікті жастар жағына қояды. Бір ескеретін жайт, өлімде күйеуге арналып тартылатын төс табаққа салынбайды.
Барлық табаққа бел омыртқа, бір тілім құйрық май, бір тілім сүбе, екі үлкен қабырға салынады. Жастар табағына жай омыртқа салынады. Екінші табаққа ортан жілік, бел омыртқа салынады. Үшінші табаққа жауырын, бел омыртқа, қабырға салынады.
Оқи отырыңыз: Сүндеттеудің сыры
Ал төртінші табаққа басқа бөлмеде немесе басқа үстелде отырса, кәрі жілік тартыла береді. Бірақ кәрі жілік орта жасқа жетіп қалғандарға беріледі. Жастарға топатай жілік, жай омыртқа, сүбе құйрық майымен тартылады. Ал отбасындағы қыз-келіншектерге асық жілік, мойын омыртқа, қалған қабырға беріледі.
Төс пен құйымшақ тарту дәстүрі
Жасы 70-80-ге келсе де өз үйіне келгенде кемпір қыз болып есептеледі. Күйеу бала да солай. Сондықтан төркіндеп келген қыз төрде отырады. Ал қыз отырған жерде табаққа құйымшақ салынады. Ал күйеу бала келгенде төсін алдына қойып, жеңгелері міндетті түрде төстің кәдесін алады.
– Соңғы кездері қонаққа барғанда жілікті табаққа дұрыс кәделеп салмайтынын байқап жүрмін. Етті турап әкелетін дәстүрді шығарды. Бұл біздің қонаққа көрсететін ең үлкен құрмет-сыйымыз болғандықтан ол дәстүрден ажырамауымыз керек. Біз – өте ырымшыл халықпыз. Үлкендер ас жеп болған соң жастарды шақырып алып, бас табақтан асатып жатады. Бас табақтан ас жеп отыратын біздің жасымызға жет, жолымызды берсін деп тілегені.
Әр жердің салты басқа...
Алайда табақ тарту рәсімі қазаққа ғана тән дәстүр болғанмен, орналасқан аймағына қарай жіліктердің орнын ауыстырып тарта береді.