Мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айт. Осы етістіктерді нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шаққа айналдырып, сөйлем құра. Үлгі: болды - жедел өткен шақ; болады- ауыспалы келер шақ; болып жатыр - нақ осы шақ.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.
Менің атым Владислав.Ұлтым-орыс.Мен мың тоғы жүз тоқсан сегізінші жылы он төртінші тамызда дүниеге келдім.Қазақстанның Семей өңірінде тұрамын.29-шы мектепте 11-ші сынып оқушысымын.Менің отбасым төрт адамнан құралады:анам,әкем,мен және інім.Кішкентай ініме төғыз жаста.Үшінші сыныпта оқиды.Анам отыз алты жаста,қоймада атқарушы қызметінде жұмыс істейді.Әкем болса қырықта,завод директоры болып жұмыс атқарады.Мен көбінесе техникаға,компьютермен және оған байланысты заттарға қызығамын.Мектепті бітірген соң IT технология мамандығына түскім келеді.