М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Petersen
Petersen
23.04.2020 12:46 •  Қазақ тiлi

БАҒДАРШАМ Жазғы демалыста атасы Қамбарды қалаға ертіп кетті. Қаланың орталығында ағасы тұрады. «Қамбар, менімен жүре ғой. Әрі қаланы көресің, әрі біраз бойыңды сергітерсің», деді.

– Ата, ағамның қалада тұрғаны қандай жақсы. Қаланы көргім-ақ келеді, шынын айтсам, – деп Қамбар атасының жанынан бір елі шыққан жоқ.

– Қалада жүргенде абай бол. Менің қолымнан ұстап жүр қашан да. Әсіресе ағылып жатқан көліктен сақтанғайсың, – деп атасы алдын ала пысықтап жатты.

Мінеки, қала іші. Ауылдағыдай емес, мұнда адам да, көлік те көп екен. Жолдың арғы бетіне өтейін десе, жүйткіген машиналар легі бір толас табар емес. Бір кезде жол қиылысында жанып тұрған қызыл табақша сөнді де, сары табақша жанды. Сөйтті де лезде жасыл табақша жарқ ете қалды. Жол жиегіндегі адамдар осы сәтті күткендей көшенің арға бетіне қарай аяқтарын асыға басып, өте бастады.

– Ата, анау жанып тұрған не? – деп сұрады Қамбар.

–Бұл бағдаршам, – деді ағасы секілді бейтаныс жігіт атасының қолтығынан демей түсіп.

– Е, е, әліппемізде суреті бар еді.

Бейтаныс жігіт сөзге жомарт, ақ көңіл екен. Әлгінде ғана үн қатқан-ды, және сөйлей жөнелді:

– Бұл бағдаршамның айтар әңгімесі бар. Мәселен, ол «қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы», – деп үн қатады.

– Мұны ұғып ал, – деді жол шетіне дейін атасына көмектескен күйде.

Атасы мен Қамбар бейтаныс жігіттің бағдаршам жөнінде айтқан сөзіне риза боп, артта қалған бағдаршамға көз тіге қарап қалды. Бағдаршам ешбір жаңылыспай қызыл, сары, жасыл түсті табақшаларын рет-ретімен жандырып, сөндіреді. Бірақ үн жоқ. Тек бейтаныс жігіттің сөзі құлаққа қайта естіледі. «Қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы».

Қым-қуыт қала тіршілігі ішіне бейтаныс жігіт әлдеқашан сіңіп кеткен. Ал ауылдың жайбарақат қозғалысын қаланың ағыны қатты тұрмысы еріксіз жаулап алса да, атасы мен Қамбар жан-жағына қарайлап келеді. (273 сөз)

2-тапсырма .

Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.

Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.

1. Қым-қуыт қала тіршілігі ішіне бейтаныс жігіт әлдеқашан сіңіп кеткен.

Бейтаныс 1ұпай

2. Ал ауылдың жайбарақат қозғалысын қаланың ағыны қатты тұрмысы еріксіз жаулап алса да, атасы мен Қамбар жан-жағына қарайлап келеді.

Атасы мен Қамбар1ұпай

3. Атасы мен Қамбар бейтаныс жігіттің бағдаршам жөнінде айтқан сөзіне риза боп, артта қалған бағдаршамға көз тіге қарап қалды.

Бағдаршам жөнінде1ұпай

4. Жолдың арғы бетіне өтейін десе, жүйткіген машиналар легі бір толас табар емес.

Жүйткіген машиналар1ұпай

5. Жол жиегіндегі адамдар осы сәтті күткендей көшенің арға бетіне қарай аяқтарын асыға басып, өте бастады.

Адамдар1ұпай

6. Әсіресе ағылып жатқан көліктен сақтанғайсың, – деп атасы алдын ала пысықтап жатты.

Атасы алдын1ұпай

7. атасы алдын

8. Бұл бағдаршам, – деді ағасы секілді бейтаныс жігіт атасының қолтығынан демей түсіп.

Ағасы секілді1ұпай

9. Сөйтті де лезде жасыл табақша жарқ ете қалды.

Жасыл1ұпай

10. Тек бейтаныс жігіттің сөзі құлаққа қайта естіледі.

Құлаққа1ұпай

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Nika1337228
Nika1337228
23.04.2020
Міне, Тауелсіз Мемлекет атанғанына биыл 25 жыл толып отыр. 25 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дуние жузіне таныта білдік. Бул  улкен – жетістік. Əрине, бунын бəрі елбасымыз Нурсултан атамыздын арқасында. Əрине, бул кун бізге онайлықпен келген жоқ. Осы азат кун ушін ата-бабамыз, Апке – ағамыздын қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бул бостандықты  халқымыз бурыннан  тілеген. Сонау «Ақтабан шубырынды, Алқа көл сулама» аламапты, «Кіші қазан» төнкерісі, Қабанбай, Бөгенбай, Исатай мен Махамбет көтерілістері, осы азат кун ушін курескен.  Осы көтерілістерден кейін енді ғана есімізді жиып келе жатқанда, Ресей  бодандығына  кірдік. Одан көрмеген  азаптарымыз қалды ма? Тіптен тіліміз бен дініміз жойылып кете жаздады. Қаншама халық  аштықтан қырылды. Дал  осы кезде Германия улы Отан соғысын ашты. Бар жиған – тергенін, азық – тулігін халқымыз, майданда жургендерге берді. улы Отан соғысы женіспен аяқталғаннан кейін,  қанша Ресей бодандығында болсақта, есімізді жиып, Сабира, Ляззат, Қайрат сияқты жау журек  батырларымыз Тауелсіз мемлекет болуымыз ушін қайтадан  көтеріліске шықты. Осы апке – ағаларымыздын арқасында 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасынын Тауелсіз куні болып жарияланды. Осы жылы  1 желтоқсан куні Президентіміз сайланды.

        
4,6(59 оценок)
Ответ:
romafomin15рома
romafomin15рома
23.04.2020

Компьютердің пайдасы мен зияны

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар Интернет арқылы әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Енді зиян жағына келер болсақ:

- Ең бастысы көп қолданса, денсаулыққа зиян, әсіресе көз бен арқаға көп зиян.

- Тым көп пайдалану компьютер мен ғаламторға тәуелділікке әкеліп соғады.

- Уақытты тиімді пайдаланбай, қалай өтіп кеткенін байқамайсың.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.

4,7(75 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ