Міне, сентябрь туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!
Ана... Қандай керемет сөз десеңші! Осы бір үш - ақ әріптен тұратын сөзде мұхиттың тереңдігіндей тұңғиық ойлар жатыр. Осы асыл жан әрқашан бізді жақсы көреді. Біз шыр етіп дүние есігін ашқан кезден бастап бізді бағып - қағып, біз үшін отқа да, суға да түсті. Ана деген сөз әрқашан киелі. Ешкімде аспаннан салбырап түскен жоқ. Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан – ана. Бауыр еті баласы үшін аналар не істемейді десеңші? Ана туралы айтатын ой, шертетін ән көп