М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Көліктер туралы қызықты мәлімет

👇
Ответ:
German1224
German1224
01.12.2020

Алғаш сағатына 100 шақырымды бағындырған автокөлік – электромобиль. Бір қызығы бұл рекорд сонау 1899 жылы орнатылған болатын. Стив Джобс тек қана Mercedes-Benz SL 55 AMG маркалы автокөліктермен және әрдайым нөмірсіз жүрген екен. Калифорниялық заңнамаға сәйкес, автокөліктің нөмірін рәсімдеуге 6 ай уақыт кетеді, ал Джобс SL 55 көліктерін сататын автосолонмен әр жарты жыл сайын ескісін қайтарып, жаңасын сатып алып отыратын келісімшартқа қол қойған. Ал автосалонға алты ай сайын Стив Джобс қайтарған автокөліктер жаңа бағасынан едәуір қымбат сатылып отырған. Көптеген елдерде рөлге мас күйінде отырғаны үшін жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, жүргізуші куәлігінен айырып та  жатады. Ал Уругвайда мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына себепкер болса,  жазаны жеңілдететін жағдайларға саналады екен. Ал ең жылдам жүк көлігі - Hawaiian Eagle. Өрт сөндірушілер көлігі жылдамдығын сағатына 655 шақырыға дейін арттыра алады. Автокөлік 1941 жылы шығарылған болатын. Америкалық Шэннон Сейдел оны 1995 жылы қайта жөндеуге кіріседі. Үш жылдан артық уақытта жөндеп болғаннан  кейін, 1998 жылы жүк көлігі ең жоғарғы жылдамдықты көрсетіп, ең жылдам жүк көлігі ретінде гиннес рекордтар кітабына кірген. Әлемдегі ең кішкентай автокөліктер сериясы – 1962 жылы Англияда шығарылған Peel P50 көліктері болып табылады. Оның ұзындығы – 134 см, ені – 99 см, ал биіктігі – 120 см. Автокөліктің үш дөңгелегі ғана бар, кабинасына тек жүргізуші сияды, ал жылдамдығын сағатына 64 шақырымға дейін арттыра алады. Салмағы небірі 59 кг. Автокөліктерге сұраныс болмаған соң 1965 жылға дейін ғана шығарылған.

4,8(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
fil0
fil0
01.12.2020

--Сенің туған жеріңнін табиғаты қандай?

-- Менің туған  жерімнің табиғаты әдемі.,ауасы таза.

Туған жеріңде орман, көл бар ма?

, --Менің туған жерімде орман да көл  де бар.

--Орманның ішінде нелер бар?

--Жазда қарағайлы орманның  ішінде көп саңырауқұлақтар болады.Жидектер мен өсімдіктердің түрі көп өседі.

--Ал туған жеріңнін көлі қандай ?

--Біздің көл үлкен.суы мөлдір.Сондықтан бұл жаққа көп адамдар демалысқа келеді.Көлдің жағасында жаз бойы рахаттанып ,таза ауамен дем алады.Міне менің туған жерімнің табиғаты осындай тамаша !Маған менің туған жерімнің табиғаты өте ұнайды.

4,7(15 оценок)
Ответ:
LuKи
LuKи
01.12.2020

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ғабді әл-Ғабит. Бұл арабша "Құдайдың құлы" деген мағынаны білдіреді. Қаламгердің әкесі Махмұт діни сауатты, өз ортасында беделді, парасатты адам болған.

1908-19қоқыс, арабша хат таниды. 1916 жылы Ғабитті нағашысы Оңғарбай шаруаға көмектесуге алып кетеді. Артынша Ақпан көтерілісі басталып, әскерде жүрген Оңғарбайдың балалары елге оралады. Осыдан соң, шаруадан қолы босаған Мүсірепов ауылдағы Ыбырай Алтынсарин жүйесімен ашылған орысша-қазақша бастауыш мектебінде оқиды. Онда ол белгілі ұстаз Бекет Өтетілеуовтен дәріс алады. Мұғалім болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізді. Сондай-ақ Ғабит орыс тілін жетік меңгеруге мүмкіндік алды.

1918-1921 жылдары Пресногорьков станциясындағы жоғары жеті жылдық училищеде орысша білімін шыңдайды. Ал 1923 жылы ол жазушы Сәбит Мұқановпен бірге Орынбордағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түседі. Бұл білім ордасында әлем әдебиеті саңлақтары мен XIX ғасырдағы орыс классиктерінің шығармаларымен танысады.

Алғашқы туындысы қабырға газетінде жарияланды

Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш Мүсірепов жұмысшы факультетінде алғашқы шығармасын жазғанын жеткізді.

"Сәбит Мұқановтың айтуынша, ол рабфактің қабырға газетінде өзінің "Тулаған толқынында" деген очеркін жариялаған. Бұл оның алғашқы шығармасы еді. Көптеген әдебиеттанушы Ғабеңнің алғашқы шығармашылығы "Тулаған толқыннан" басталды деген пікірде", - дейді ол "Ұлт мақтанышы". Ғабит Мүсірепов" деректі фильмінде.

Оның айтуынша, әдебиет зерттеушілері "Тулаған толқынды" таза очерк деп қабылдамайды.

"Олар оны көркем шығарма деп те есептейді. Өйткені бұл шығарманың бойында әрі очерктік сипат, әрі деректілік, әрі көркемдік қасиеттер тоғысқан. Бірақ алғашқы туынды болғандықтан кемшіліктер де бар. Себебі, бұл шығарма сол кездегі кеңестік саясатқа үндес жазылған", - дейді ол.

Әдебиетпен айналысуына кім түрткі болды?

Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің жас айырмашылығы бар болғаны екі жас. Жазушы өзінің "Автобиографиялық әңгімесінде" әдебиетпен шұғылдануына кім түрткі болғанын былайша баяндайды:

"Менің кітапқа деген құмарлығымды, азды-көпті сынай алатынымды байқап, Сәбит маған – "жазуға кіріс" деп мазалап жүрді. "Сәкеннің көрдей қараңғы бөлмесінде Сәбитпен бірге тұрдым. Бейімбет пен Сәкеннің өлеңдерін газет-журналдардан оқи бастадым. Бейімбеттің "Шұғаның белгісі" бір түрлі әдемі жазылғанын көрдім. Ішімнен жазуды қаласам да, қолым бармай жүрген".

Мүсірепов 1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетін бітіреді. Ал 1926-1927 жылдары Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. 1927-1928 жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып еңбек етеді. 1927 жылдан коммунистік партияның мүшесі атанады.

1928 жылдан бастап Қазақстанның партия, совет баспа орындарындағы әртүрлі жауапты қызметтерде болды. 1928-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспаның бас редакторы міндетін атқарды.

1933 жылы Қазақ КСР оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934-1935 жылдары алдымен "Қазақ әдебиеті" кейін "Социалистік Қазақстан" газетінің бас редакторы болды.

"Бейімбет жау болса, мен де жаумын"

Жазушы 1936 жылы ВКП (б) қазақ өлкелік комитетінің ба з бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазақстан орталық партия комитетінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Бірақ шындықтың бетіне тіке қарай алатын Ғабиттің іс-әрекеті кеңес иделогиясына кереғар бола бастайды.

Сталиндік репрессияның зияны Ғабит Мүсіреповке де тиді. Профессор Шериаздан Елеукенов бұл жағымсыз оқиға 1937 жылы болғанын айтады.

"Онда Ғабит Мүсірепов орталық партия комитетінде мәдениет бөлімін басқаратын. Ол жазушылар одағында жиналыс болып жатыр дегенді естіп, сонда барады. Онда отырған адамдар оған "Бейімбет деген жаудың досы келді" деп айтқан. Сонда Ғабекең "Бейімбет Майлиннің ұсталғанын білемін. Бірақ ол қате ұсталып жатыр. Бейімбет жау болса, мен де жаумын" деп, жиналыстан кетіп қалыпты", - дейді ғалым.

4,6(36 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ