Тутанхамон (сөзбе-сөз – Атонның тірі бейнесі, таққа отырғандағы есімі – Небхепрура) – Жаңа патшалық (18 әулет) дәуіріндегі Мысыр перғауыны. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 1400 – 1392 жылы билік етті. Аменхотеп IV –нің (Эхнатонның) күйеу баласы, не оның ұлы немесе інісі де болуы мүмкін. 12 жасар кезінде Тутанхатон (Атонның тірі бейнесі) деген атпен таққа отырып, 20 жасында қайтыс болған. Өкімет билігі іс жүзінде уәзірі Эйе мен басқа да шонжарлардың қолында болды. Тутанхамонның кезінде Эхнатонның діни реформалары жойылып, Амон құдайға табыну қалпына келтірілді. Тутанхамонның өзі Тутанхатон атынан бас тартып, перғауын астанасын Эхетатоннан Фивыға қайтарды. 1922 жылы өнердің тамаша ескерткіштері бар тоналмаған перғауын бейіті – Тутанхамон табыты табылды.
Мысырдың тарихи жәдігерлер істері бойынша министрі Мамдох Элдамати радиолокациялық сканерлеудің арқасында Тутанхамон мазарында ең кемі екі жасырын бөлме бар екенін анықтағанын жария етті.
Министрдің сөзіне қарағанда, сканерлеу негізінде алынған ақпараттың дәлдігі 90% шамасында.
Жасырын бөлмеде ежелгі мысыр патшайымы Нефертити патшайымының қабірі болуы мүмкін, деп болжайды археологтар.
Нефертити біздің заманымызға дейінгі 1351-1334 жылдары Ежелгі Мысырдың патшайымы, перғауын Аменхотептің әйелі, Тутанхамонның өгей шешесі болған.
Өткен жылы Николас Ривз Тутанхамон мазарының суреттерінен онда екі тұстағы кірпіштердің кейін сыланғанын байқап, есіктің орны болуы тиіс деп болжаған. Ол әлі табылмаған Нефертити патшайымының қабірі болуы мүмкін. Осыдан кейін осы тұсты сканерлеу жөнінде шешім қабылданды.
ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Родостағы алып мүсін (колосс) - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонский державасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы – Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.
Родос Колосы
Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.
Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.
Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Хареске тапсырады. Харес Гелистың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау керек болды. Рас, мұндай тұрыс дәстүрліүлгімен үйлеспейтін, алайда, құдайдың қолын алға создырса алып мүсіннің орнықсыз болатынын Харес біледі.
Среди двухзначных простых людей и людей на земле с каждым днем они делают