Амандасу (Сәлемдесу) - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы. Байырғы қазақ дәстүрі амандасулардың әлеуметтік тегінен, байлығынан және жалпы өмірдегі алатын орнынан белгі беретін болған. Ертеде хан немесе ірі сұлтандарға төменгі таптағы адам екі қолын кеудесіне қойып және төмен қарай иілмесе, оларға жақындай алмаған. Ал егер ол қайырым ретінде оған қолын созса, онда ол бір тізерлеп жерге отырып, оның қолын екі қолымен қысады. Әлеуметтік дәрежесі орташа адам өзінің әміршісіне қолын кеудесіне қыспай, бірақ, басын иіп келген. Хан немесе күшті әмірші, өзінің қарауындағылардың сәлеміне жауап ретінде оның иығына қолын қойып, сыйластығы болса қолын қысып амандасатын болған. Егер ханды жолай кезіктірсе, онда жолда тоқтап тұрып, оның өтіп кетуін күтуі керек, әрі басын иіп, қолын кеудесіне қойып дауыстап сәлем беруі шарт. Қараша халық өкілі сұлтандарға сәлемдескенде тізесін бүгіп көбіне «Алдияр тақсыр!» деп сәлем берген. Билігі жоқ төрелер мен сұлтандардың сыртынан болса да ізеттілік көрсету өз дәрежесінде болмағанымен, әмірі күштілер алдында ізеттілік шаралары қатаң сақталды.
Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығыТүркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған.
Аңыз:Домбыраның пайда болуы)))
Ертеде, қылышынан қан тамған қаhарлы бір
ханның жалғыз бойжеткен қызы кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді
екен. Мұны біліп қойған хан
жігітті дарға
астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне
жетпей, бір ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің
көзін жоюды астыртын мыстан кемпірге тапсырады.
Мыстан кемпір өмірге жаңа келген сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып,
биік өскен жап-жасыл ағаштың басына қызды – шығысқа, ұлды – батысқа апарып іліп кетеді. Нәрестелердің көз-жасы тамған
ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды.
Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін доғарады. Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік өкпеге шыдамаған патшаның қызы егізін
іздеп жолға шығады. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз
түндер, арманмен айлар, жылаумен жылдарөтеді. Қатты шаршап діңкесі қатқан қыз әбден қуарып, қабығы түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң, оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп, тың тыңдаса ән салып тұрған қасындағы биік ағаш екен.
Қыз күндіз қос бүлдіршінін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді. Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп оны құлатып алады.
Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның құпиясын
білмек болып тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл - қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал, шығыс жағындағы ішек қатты қатты тартылыпты.
Егізінің өлімінен хабары жоқ қызенді ағаш неге ән салатынынын
түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы ішекті соған тағады. Шертіп көрсе, үн жүрегіне жағып, жанына жайлы естіледі. Қыз байғұс бостау тартылған ішекке үні мұңды
шығатындықтан, «ұлым - Мұңлық» деп, ал ащы, тым зарлы шығатындықтан, қатты
тартылған ішекке «қызым - Зарлық» деп ат қойып, күндіз-түні қолынан тастамай, күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен...
Объяснение:
❤