Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы, реформатор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шыңғыс тауды жайлаған Тобықты руында дүниеге келді.
Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос пен Жігітек тарайды. Әрқайсысы бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ пен Топай туған. Олардың ішінде Ырғызбай оза шауып, ел басқару ісіне араласқан. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар мен Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болған деседі. Осы Өскенбайдың әйелі Зереден Абайдың әкесі Құнанбай туады.
Құнанбайдың төрт әйелі болған. Бәйбішесі – Күңке, одан бір ұл – Құдайберді. Ал Ұлжан – Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық. Інісі қайтыс болғаннан кейін Құнанбай келінін әмеңгерлікпен алған. Ұлжаннан Тәңірберді, Ыбырай (Абай), Ысқақ пен Оспан, үшінші әйелі – Айғыздан Халиолла мен Ысмағұл деген балалары туады. Абайдың "Атадан алтау, анадан төртеу" дейтіні содан. Құнанбайдың қартайған шағында үйленген төртінші әйелі – Нұрғанымнан бала болмаған.
Әбу Насыр Әл – Фараби.
«Әлемнің екінші ұстазы» ретінде танымал болған ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл – Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келген. Толық аты - Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды. Фараб қаласында Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасқан болатын, соның арқасында Әл Фараби мұндағы құнды қолжазбалар мен кітаптармен таныс танысып, оларды оқуға мүмкіндік алды. Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға, кейін Бағдатқа кетті. Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Ғұлама ойшыл бір қалада ұзақ тұрақтамай, үнемі саяхат үстінде болып, білімін шыңдаған. Бар ғұмырын білім мен ғылымға арнап, түрлі мәліметтерге сәйкес 70 – ке жуық тіл меңгерген екен.
Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды 2 топқа бөлген:
Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген.
Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған.
Биылғы жылы (2020 жыл) ұлы ойшыл – ғұламаның 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі.
Мен жусан иісі шығармасынан керемет әсер алдым!Аянның достарымен темекі жасап шеккені,досымен төбелескені күлкімді келтірсе,әжесінің өлгені,ағасының қайтыс болғаны туралы қаралы хабар келгенде жылағым келді, оны аядым. Ал Аянның достарына ертегі айтқан кезінде,және болғанның бәріне шыдап,төзгніне қайран қалып,таңғалып отырдым.Қаршадай Аянның басынан осынша оқиға өткені өте аянышты.Оқып отырып,көз алдыма елестетіп керемет әсер алдым.Шығарма қатты ұнады!
Объяснение:
можно лучший ответ