ответ:Азияның ең үлкен кітапханасы деп саналатын Қытай Ұлттық кітапханасында 35 миллионнан астам кітап, қолжазба және тарихи коллекция бар.
Кітапхананы Чинг әулеті (1644-1912) 1909-1912 жылдар арасында Пекин қала орталығына құрды. Қазір кітапханаға жыл сайын 5 миллионнан астам оқырман келеді.
Әлемнің санаулы кітапханаларының бірі Қытай Ұлттық кітапханасы 140 мың шаршы метрлік алаңға салынған. Классикалық туындылар жиналған ғимарат пен оқу залдары бір-бірінен бөлек.
Келушілерге ашық бөлімі футуристік сәулет стилімен назар аударады. Ғимараттың ішкі дизайны да қабат-қабат оқу залдары түрінде жобаланған.
Кітапханада 2004 жылы цифрлық бастама басталып, кітапхананың мұрағаты интернет ортасына көшірілді.
Қытай Ұлттық кітапханасының мұрағаты жыл сайын артып отыр. 2016 жылдың деректеріне қарағанда кітапханада 115 тілде 35 миллионнан астам материал бар.
Кітапханадағы ең байырғы тарихи туынды - осыдан 3 мың жыл бұрын тасбақа қабығына жазылған жазу.
Объяснение:
ответ:гендік инженерия иллюстрация
Объяснение:
Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т. Берг (Нобель сыйлығының лауреаты) іске асырды. Ол маймылдың онноген вирусы SV-40-тың толық геномын, бактериофаг — L геномының бір бөлігін және Е. Colі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты (гибридті) ДНҚ алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды. Мысалы, генотиптері әр түрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары (фенотипі әр түрлі дарабастар) алынды. Гендік инженерия-ның теориялық негізіне генетикалық кодтың әмбебаптылығы жатады. Бір ғана кодтың (триплиттің) әр түрлі ағзадағы белок молекулаларының құрамына енетін амин қышқылдарын бақылай алатындығына байланысты, ДНҚ молекуласының кез келген бөлігін басқа бөтен клеткаға апарып салу, яғни молек. деңгейде будандастырылу теориялық тұрғыдан алғанда мүмкін екені анықталды. Жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер гендерінің қызметін қолдан басқаруға болатындығы дәлелденді