Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал іздеп не керек? Жоқ, бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады! Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе құдайдан тілемейді, шаруа іздемейді. Әуелі біріне-бірі пәле іздейді. Не түсін, не ажарын, не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пәле салып, қорғалатып, әйтеуір бірін-бірі алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. Кеселді жалқау, қылжақбас, Әзір тамақ, әзір ас, Сыртың - пысық, ішің - нас, Артын ойлап ұялмас, - болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық
Объяснение:
Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері. Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 9 мамыр күні 70 жыл толады. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдында жасаған ерлігіңізді, батылдығыңызды ақ жүректен жарылып шыққан шынайы, таза, ақжарқын алғыс сөздермен қалай жеткізсем деп ойлаймын.
Қанша алғыс айтсақ та, көп болмас еді. Біз әрқашанда сіздің ерлік, батырлығыңызды, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп, тайсалмай шайқасқан күндеріңізді мақтан етеміз. Ол күндерді жадымызда сақтап, сізге бас иеміз. Осындай бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, бізге сыйлаған бақытты балалық шақ, тек қана сіз және майдандастарыңыздың арқасында келген жеңіс. «Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!» - деп, ашық аспан астында қуанышымды айқайлап айтқым келеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров.
Павлодарлық жерлестеріміз: Қанаш Камзин, Садықов Темірболат, Кепешев Мүбарәк, Сексенбаев Тәуекел, Құсайын Бүркітбаев т.б жеңіс күніне жеткізген аға, апа, аталарымызға басымызды иіп тағзым етеміз, мәңгілік от алауына гүл шоғырларын қоямыз. Ұрпақтың парызы – бұл күнді есте сақтау. Сіздердің арқалаларыңызда бейбітшілікте, Тәуелсіздікте бақытты өмір сүріп жатырмыз. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын, Елбасы жасасын, Еліміз жасасын!
Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның тірек қызметі: бұлшық еттер, шандырлар, ішкі органдар сүйектерге бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқа бағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы – жүректі, өкпені, ірі тамырларды қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне қорғаныш болады.