Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
Берілген сөз тірікестерін қатыстырып, шағын әңгіме құрау.
Әрбір ата – ана баласына өмірден көрген, білгенін айтып, тәрбиелеп отырады. Әдепті бала ата – анасының ақылына құлақ асып, адал болса, ата – анасы да бақытты болатын шығар, себебі баласының әдепті, тәрбиелі, саналы болып өсуі – әрбір ата – ананың арманы. Әдетте, ата – ананын тыңдайтын балалар, сабаққа да тиянақты қарап, мұқият дайындалады, оқу озаты болады. Сабақты жақсы оқып, қалаған мамандық иесі болғаннан кейін де адал еңбек етіп, өз нанын тауып жейді. Еңбекқор болып, жұмысын жақсы істесе, еңбектегі табысы да көп болмақ.