М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
KraRom
KraRom
13.02.2023 07:40 •  Қазақ тiлi

Туған өлке тақырыбында эссе дәптерге жазып жіберіңіздерші​

👇
Ответ:
Holochka
Holochka
13.02.2023

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай  байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы  борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді  ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен  міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!

Туған өлкем байлығы мол қазынам,

Сол байлықтың шуағында шомылам.

Бәрінен де артық көрем мен сені,

Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.

Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,

Аң мен құсын арыстандай көремін.

Туған өлкем ол менің жер жәннатым,

Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды  аялайық та, сүйе білейік.

4,5(60 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Dizzy234
Dizzy234
13.02.2023
Құрамы:
Картоп - 3 дана
Шұжық - 300 грамм
Қияр тұзды - 3 дана
Жұмыртқа - 4 дана
Сәбіз - 1 дана
Қуырылған бұршақ - 200 грамм
Майонез - 180 грамм

Қызметтер: 4-5
 

 

«Salad» Olivier «классикалық шұжықпен» қалай дайындау керек

 
Шұжықпен «Olivier» салаты - фото 1-қадам

Барлық қажетті ингредиенттерді дайындаңыз. Қатты пісірілген жұмыртқаны пісіріңіз (10 минут). Тұзды суда картоп пен сәбізді қайнатыңыз. Консервіленген бұршақтан сұйықтықты алып тастаңыз.

 
Шұжықпен «Olivier» салаты - фото 2-қадам

Сәбіз және картоптың орташа кубиктерін кесіңіз. Сондай-ақ, оларды торды (vinaigrette) ұсақтауға болады, ол пісіруді жылдамдатады.

 
Салаты «Olivier» классикалық шұжықпен - 3-қадам

Бірдей мөлшерде туралы текшелер
4,6(68 оценок)
Ответ:
Цири
Цири
13.02.2023

«Оливье» салатын дайындау тәсілі.

«Оливье» салаты әдетте Жаңа жыл символы саналып, көп отбасыларында Жаңа жыл қарсаңында көп мөлшерде әзірленеді. Әркімнің бұл салатты жасау тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Төменде біздің үйде жасалынатын рецептпен бөлісемін.

Керекті азық – түлік:

Картоп 3 – 4 дана (орташа);

Сәбіз 2 – 3 дана (орташа);

Жұмыртқа 6 – 8 дана (бірінші категориялы);

Шұжық (колбаса) немесе піскен ет 400 гр.

Тұздалған қияр 300 гр.

Көк бұршақ 1 құты

Майонез  4 – 5 ас қасық.

Тұз қалауыңыз бойынша.

Дайындалу барысы:

Алдымен жұмыртқаның сыртын жуып, үлкендеу ыдысқа картоп, сәбізбен бірге салып, су құямыз да, оны пешке қоямыз. Ол қайнағаннан кейін, отты ақырынға қоямыз да, 15 – 20 минут шамасында пісіреміз. Көкөністер піскенше шұжық пен тұздалған қиярды кішкене текше пішіндес етіп турап, үлкен тегешке саламыз. Піскен көкөністер суыған соң, оларды да кішкене текше пішіндес етіп тураймыз. Жұмыртқаның сыртын тазалап, оны да турап, тегешке саламыз. Бір құты көк бұршақ пен майонезді қосып араластырамыз. Дәмін көріп, тұзы аздау болса, сәл тұз қосамыз. Дайын салаттың бетін жауып, бір – екі сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Салқын күйінде дәмдірек. Астарыңыз дәмді болсын!

4,4(85 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ