Объяснение:
вот надеюсь пока удачи
ответ: Транслятор-қандай да бір программалау тілінде жазылған программалары объектілі тілде бейнеленген жұмыс істейтін программаға айналдыратын арнайы программа. Бұл анықтама трансляцияланатын программалардың барлық түрлеріне қатысты. Мұндай программалардың трансляциялау процесі бойынша өз ерекшелігі бар. Қазіргі уақытта трансляторлар негізгі 3 топқа бөлінеді:
Ассемблер. 2. Компилятор. 3. Интерпритатор.
Ассемблер-символдық құрылымды машиналық тілдің командаларына айналдыратын (жүйелік) қызмет көрсетуші жүйелік программа. Ассемблердің ерекшелігі символдық бір команданы машиналық бір командаға трансляциялайды. Ассемблертілі (автокод депатайды). Жүйенің компьютердің командаларын қабылдауын жеңілдетуге және осы командалар жүйесінде программаларды жеңілдетуге арналған.
Компилятор-программалау тілдерінің бірінде жазылған программаны машиналық тілдегі программаға трансляциялауды орындайтын қызмет көрсетуші программа. Ассемблер сияқты программаның бір тілден екінші тілге айналдыруды қамтамасыз етеді. Берілген тілдің командаларының машиналық тілдің командаларынан әжептеуір айырмашылығы бар. Мысалы: кейбір тілдердің бір командасы машиналық тілдің 7-10 командасына сәйкес келеді. Программалау тілдерінде алдын-ала сипатталатын берілгендердің типтері қолданылады. Себебі, программалау алгоритмдерді кодтауға емес берілгендер мен кластардың мұқият ойластырылған құрылымына сүйенеді. Мұндай тілдерден трансляциялау процесі компиляция деп, ал берілген тілдер жоғары программалау тілдері деп аталады.
Интерпретатор-берілген программаны әрбір оператор бойынша трансляциялайтын және орындайтын арнайы программа немесе құрылғы. Компилятор сияқты программаны машиналық тілге айналдырмайды. Берілген тілдің командасын қабылдаған соң орындайды. Интерпритатордың кемшілігі программаны орындау жылдамдығының төмендігі. Интерпритаторды пайдаланатын программалар машиналық тілде жазылған программаға қарағанда 50-100 есе баяу орындалады.
Эмулятор-кодты немесе операцияны орындау әдістерін пайдаланатын программа. Берілген ЭЕМ-нан басқа ЭЕМ-де программаны қайта құрмай орындауға мүмкіндік беретін программа немесе программалық техникалық құрал. Эмулятор қандай да бір тілде жазылған программаны орындауы жағынан интерпритаторға ұқсас. Бұл екеуі де операция кодын түсініп қабылдаған соң бірден орындалатын екі кодтағы командаларды бейнелейді. Эмулятор әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Мысалы: жаңа есептеу техникасын құруда, алдымен әлі құрылмаған компьютер үшін программаларды орындайтын эмулятор құрылады. Бұл командалар жүйесімен базалық қамтамасыздандыру программаларын сәйкес құрылғы құрылғанға дейін анықтап алуға мүмкіндік береді. Эмулятор көбінесе ескі программаларды жаңа есептеу машиналарында орындау үшін пайдаланылады. Әдетте жаңа компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы жоғары және сыртқы құрылғылары сапалы болып келетіні белгілі. Бұл ескі программаларды жаңа компьютерді ескі компьютерге қарағанда тиімдірек орындауға мүмкіндік береді. Эмуляторда интерпритатор сияқты бір ЭЕМ архетектурасынан екіншісіне оңай өте алады.
Перекодировщик (қайта кодтаушы)-бір ЭЕМ- нің машиналық тілінде жазылған программалаудың екінші ЭЕМ- нің машиналық тіліне аударатын программа немесе программалық құрылғы. Перекодировщиктер программалауды бір компьютер архетектурасынан екіншісіне өткізуде пайдалы.
Объяснение:
Алтын адам табылған қорған бұл өңірдегі обалардың ішінде ұрлықшылардың тонауынан аман қалған жалғыз қорған. Сақ жауынгерінің денесі обаның негізгі бөлігінде жатқан жоқ. Бәлкім, оның сақталып қалуының сыры осында болар.
Қорғанда хан әулетінен шыққан әкесі мен баласы жерленген болуы да мүмкін. Табылған алтын адамның хан әулетінің ұлы екені белгілі.
Алтын адамның киіміндегі алтынның нақты салмағы белгісіз. Мектеп оқулықтарында киімнің салмағы жиі жазылғанымен, нақты алтынның салмағы аталмайды.
Алтын адам киіміндегі жапсырмалар таза алтыннан жасалмаған. Олардың негізі ағаштан жасалып, сыртын алтын жұқалтырмен қапаған. Дәл осы себепті, алтынның нақты салмағы әлі күнге белгісіз болып отыр.
Есік қорғанынан табылған алтын адамның жасы 16-да болса, оның бойы 165 сантиметр болған.
80 сантиметрлік бас киімде дүниенің төрт бұрышын және билікті білдіретін 4 жебе бар. Осы белгісіне қарай Алтын адам хан әулетіне жатқан деп топшыланады.
Сонымен қатар, обадан 2 алтын жүзік табылған. Біреуінің беті тегіс болса, екіншісінде жалы не қауырсыны бар адам бейнеленген.
Алтын адамның бас сүйегі сынған. Сақ жауынгері жерленген камера төбесі тянь-шань шыршасының бөренелерімен жабылған. Уақыт өте келе бөренелердің біреуі шіріп, сақ жауынгерінің бас сүйегіне құлаған. Ал жауынгер арқасынан қылыштың жүзімен соққаннан мерт болған.
Алтын адамның киімі қызыл күдеріден тігілген. Археологтар қорғанды тапқан уақытта, тек алтын сауыт, әшекей-бұйымдар мен ыдыстар сақталып қалған. Алайда, Бекен ата обадан қызыл күдерінің қиындысын тауып алған. Сол арқылы алтын адамның киімі қалпына келтірілді. Сақтардың ұғымында қызыл түс қан түсін білдірген.
- Көктемде жаңбыр жиі жауа ма?
- Көктемде жаңбыр кей кезде ғана жауып тұрады.
- Көктемде күн ұзақ бола ма әлде қысқа бола ма?
- Көктем мезгілі келген кезде күн ұзарады.
- Көктемде дала қандай болады?
- Бұл мезгілде тіршілік оянады, даланың барлығы жасыл түске боялады.
- Көктемде табиғат қалай өзгереді?
- Көктемде қар еріп, ағаштар бүршік атады. Жануарлар оянып, сыртқа шығады.