Қазақстанның этникалық тарихы, Орталық азияның этникалық тарихы сияқты өте қиын.
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы. Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді.
Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады.
Лингвистикалық жағынан алғанда, бұл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III — I мың жылдықтарды қамтиды.
Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бұл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті.
-Сәлематсыз ба! Мен өзіме әдемі және қонаққа баратын костюм шалбарымен қарап едім -Біздің дүкенде Европадан келген коллекция бар,Мысалы мына киім Италиядан келген,Сіз қандай түсті ұнатасыз? -Мен ашық түстерді ұнатамын,мысалы ақшыл көк,ақ ,және қызыл, -Биыл жаңа түс трендке енді ол қызыл түс,бүкіл,Ресей әртістері,голивудтық кино әртістері қызыл түсті таңдауда! -Маған қызыл түс ұнамаса да,мен сіздің кеңесіңізді тыңдап қызыл түсті костюм шалбарымен таңдайын! -Сіз қандай киім өлшемін киесіз? -Мен 42 өлшеміндегі киімді киемін, -Мына костюмды Сізге ораймын! -Кеңесіңізге көп рахмет! Сау болыңыз! -Рахмет! Сау болыңыз!

Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер
06 Тамыз 2013 19287