Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» ба Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» ба бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген
«Ақша қар» (1969);
«Бір атаның балалары» (1973);
«Қияндағы қыстау» (1977);
«Көк кептер» (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен;
«Көк мұнар» (1971);
«Шақан шері» (1984).
романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.
Әрине, ғылымның Жер, Күн және жалпы барлығы қалай пайда болғандығы туралы көзқарасы, мысалы, Киелі кітапта, осы оқиғалар қалай суреттелгенінен өзгеше. Бірақ ғылымның пікір айтуға құқығы бар, оны құрметтейік. Соңында, қалай болғанын білейік. Ғылыми тұрғыдан.
Өткен күндердегі істер туралы куәгерлердің ешқайсысынан жауап ала алмаймыз. Өмір күн сәулесінен кейін пайда болды және планеталар пайда болды, бұл ешкімді таң қалдырмайды. Сонымен қатар, ғалымдар аспан денелерінің жанама дәлелдерін зерттеу нәтижесінде болған барлық нәрсе туралы нақты түсінікке ие. Күн жүйесіндегі барлық нәрсе сол баяғы жеткен жетістіктердің ізін қалдырады.
Объяснение:
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды.Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды. Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді. [1]