Атлах шайқасының тарихи маңызы болды ма?
Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан т үргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне суйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 7 51 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
Объяснение:
мини
Ребустың шешуі: ЕСІМДІК.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1. жіктеу есімдіктері - мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.
2. сілтеу есімдіктері - бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне.
3. сұрау есімдіктері - кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
4. өздік есімдігі - өз.
5. белгісіздік есімдіктері - біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрине, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан.
6. болымсыздық есімдіктері - еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы.
7. жалпылау есімдіктері - бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел.