Қазақ халқының XIX ғасырдың аяғынан күні бүгінге дейінгі тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының алар орны ерекше. Халкымыздың талай-талай айтулы ақындарынан Абайдың жолы-жөні бөлек, парасат-пайымы кең, өресі өте биік. Оның әрбір сөзінің кең мағынаға толы екендігі дәлелденіп болғандай. Қайсы бір өлеңін оқысаңыз да, әсем сурет, бейнелі де, кестелі мағына-көріністі көресің. Түпсіз терең түңғиықтан ақырын-ақырын шымырлап, келе-келе тұла бойыңды тұтас билеп кететін бір тылсым, құпия сиқыры тағы бар.“Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің” деп атамыз қазақ айтқандай, бала Абайдың, жас Абайдың тәлім-тәрбие алып, үлгі-сөзін естіп өскен екі шешесі болған. Әңгіме-аңыздың көл-дариясы, аяулы әжесі – Зере де, екіншісі – өз туған анасы – Ұлжан. Әкесі Құнанбай өз заманының айтулы ел басқарған, аға сұлтаны болып, заманында азулы, қаталдығы мен әділдігі қатар, оңы мен солына бірдей, Аллаһтың ақ жолымен жүруді қолдап, мешіт ашқан. Қажылыққа барып, Меккеде тәкия (қонақ үй) салдырған.Абайдың өмір сүрген заманы да оңай болмаған, ескі заманның ыдырап, жаңа уақыт, жаңа дәуірдің бірте-бірте бет бұрған кезі еді. Орыс шаруаларының жер жыртуы, жаңаша оқу, сауда-саттық, алыс-жақын шет жерлермен түрлі мақсаттағы қарым-қатынас жасау дамып келе жатқан. Жаңа сипаттағы қиын бір кез туды, адам адамды түсінуден қалып бара жатты. Ел ішінде бұзық, ұры-қары, арыз көбейді. Ұлы ақынның өзі айтқандай, ел іші “алтыбақан алауыз” болатын. Абайды он жасқа келгенде әкесі Семей қаласыңдағы діни оқу орындарына, алғашқыда Ғабдулжаппар молдаға берген, кейінірек Ахмет, Риза деген молдаға тапсырған. Абай медреседе үш жыл оқиды.Ұлы ақын жас кезінде болыс та болды, ел де басқарды, есейе келе өлең жазумен, ойына келгенін ақ қағазға түсірумен айналысады. Абай бізді нәзік өлеңімен де, кесек-кесек пәлсапалық ой-пікірімен де, сұлу сазды әуендерімен де бірде қанаттандырса, бірде ойландырады. Абайдың ұлылығы мен кемеңгер данышпандығы да осы болса керек!
1. Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Мағыналары жақын сөздер.
2. Антонимдерді анықтаңыз.
A) астында-үстінде
3. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстардан басталған сөздер қатарын анықтаңыз.
D) қаймақ, заман, нағыз
4. Буын түрлерін белгілеңіз.
C) Ашық, бітеу, тұйық
5. “Түбір” сөзінің орысша баламасын анықтаңыз.
A) Корень.
6. Туынды түбірлі етістіктерді анықтаңыз.
E) Қойшы, қой.
7. Етістіктің рай атауын көрсетіңіз.
D) Қалау.
8. Есептік сан есімді табыңыз.
B) Екі мың он бес.
9. Бағыныңқы және басыңқы сөйлемнен тұратын құрмаластың түрін анықтаңыз.
B) Сабақтас құрмалас сөйлем.
10. Баяндауыштың сөйлемдегі орнын көрсетіңіз.
D) Сөйлемнің соңында.
11. Отбасы тақырыбындағы мақал-мәтелді белгілеңіз.
D) Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
12. Ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.
E) Дала, жаға, сары.
13. Түбірлес сөздерді табыңыз.
D) Жүз, жүзік.
14. Күрделі етістігі бар сөйлемді табыңыз.
A) Боран соға бастады.
15. Тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.
B) Баласын.
16. Күрделі бастауышты көрсетіңіз.
E) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.
17. Қаратпа сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Жарайсыңдар, жігіттер!
18. Антоним жоқ мақал-мәтелді белгілеңіз.
D) Оқыған ұл атасынан да үлкен.
19. Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұрған жалпылау есімдігін табыңыз.
B) Өлеңге әркімнің де бар таласы.
20. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
D) Ол киім сатып алу үшін, дүкенге келді.