М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Khajiit999
Khajiit999
26.04.2022 19:13 •  Қазақ тiлi

Мұқағали Мақатаев жайлы реферат ​

👇
Ответ:
gdrsfdfsfss
gdrsfdfsfss
26.04.2022

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931 жылы дүниеге келіп, 1976 жылы дүниеден өткен. Шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9 жұлдызында тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиім 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады (Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?). Мұқағалидің әкесі 1941жылы Калиниград майданында қаза табады.

· 1948–1949 жылдары - ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;

· 1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

· 1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;

· 1949 - Советтік шекара газеті ақынның Қырман басында, Қойшы бала - Әкітай деген өлеңдерін жариялады;

· 1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;

· 1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі Әдебиет және искусство журналында жарияланды;

· 1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

· 1960-1962 жылдары - Советтік шекара газетінің бөлім меңгерушісі;

· 1963-1965 жылдары - Мәдениет және тұрмыс журналында жұмыс істейді;

Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған.

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жылдары), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жылдары), «Жұлдыз» (1965-1972 жылдары) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жылдары) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.

Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.

Ақынның туған ауданында бір орта мектеп, Алматы қаласында көше және гимназия оның есімімен аталады.

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Ол 1976 жылдың 27 наурызында Алматыда дүниеден өткен.

4,4(45 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
strelkina42
strelkina42
26.04.2022
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
4,8(33 оценок)
Ответ:
PuvMan
PuvMan
26.04.2022
Қазіргі уақытта салауатты өмір сатына барлығы да көп уақыт бөледі, Көптеген адамдар темекінің зиянды жақтарын ойланып, тіпті осы жаман әдеттен арылуға тырысып жатыр. Кейбіреулері бұған кірісіпте кеткен, спортпен айналысады,ол әрине өз денсаулықтарын қарап салауатты өмір салтын ұстану үшін. Оны ерте жастан бастау керек. Егер күтінбесе оның нәтижесі қартайғанда, егде жаста денсаулығына кері әсерін тигізеді. Біздің әрқайсысымыз денсаулығымыздың жақсы болғанын қалайды, бірақ оны бәрі жете
түсініп бйыбына бара бермейді, оның үстіне темекі шегіп, есірткі қолдана бастайды. Бастысы, денсаулық өздеріне керектігін,зиянды әдеттер оның денсаулығына қауіпті екенін түсіне білуі керек. 
Салауатты өмір салтын ұстану үшін белгілі бір ережелер бар. Таңертеңгісін жаттығулар жасап, таза ауамен серуендеп, бөлменің ішін желдетіп тұрса жеткілікті. Осындай қарапайым ережеледі ұстану арқылы біз түр-тұлңамыз сымбатты, әрі денсаулығымызда нығая түседі.
Өмірімізді жақсартатын тағы бір дүние ол- дұрыс тамақтану! Тамақтану тәртібін дұрыс құру керек. Тамақтану барысында денсаулыққа пайдалы, табиғи тағамдарды пайдалану керек.
Мысалы мен фаст-фуд тағамдарын, және қуырылған, ысталған тағамдарды сирек тұтынамын! Сондай-ақ консервіленген,бояуыбар сусындарды, чипсілерді пайдаланбауға тырысамын! Кейде сол тағамдарды жеуге аңсарым ауып тұрады, бірақ мен түсінемін, тәтті тағамдардың барлығы дерлік дәмді бола бермейді, олардың зияны да жетіп артылытынын. Сол кезде мен сорл тағамдардың орнын денсаулыққа пайдалы, жеміс-жидектермен, табиғи тағамдармен алмастырамын.
Және әр адамды жүйке жүйесі де ааңдата біліуі керек. Халықтың жүйке ұлпалары қалыпқа келмейді деген сөздері тегін емес. 
4,7(52 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ