М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
djdjsjsj
djdjsjsj
09.08.2020 01:29 •  Қазақ тiлi

Өсімдіктер біздің планетамыздың өкпесі эссе

👇
Ответ:
леся546576
леся546576
09.08.2020

Өсімдік -жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды.Өсімдіктер  әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа  тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер  мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.

Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрылықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр.

Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.

Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы меу жан-жануарлардын көбейе тусуіне ықпал етеді. Ормаңды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.Әрбір азамат жалпы халықтық табиғат қорғауды өз мүддесі, азаматтық борышы деп санауы керек.

Объяснение:

4,8(34 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Орманның шаруашылық және адам өмірі үшін зор маңызы бар. Орманнан қандай заттар алынады? Бұл сұраққа ағаш шебері: үстел, орындық, қарындаш, сызғыш, ағаш шкафтар, кітап сөрелері, есік терезе жақтаулары деп; қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар деп айтар еді. Себебі, мұның бәрін ағаштан дайындайды ғой. Теміржолшы болса: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер; дәрі-дәрмек жасаушылар: ағаштан алынатын дәрі-дәрмектер; инженер: жасанды, табиғи жолдармен алынатын маталар, жіптер туралы әңгімелер еді. 
Бұл әңгімеден агроном да тыс қалмайтыны белгілі. Орман егіс далаларын жазда аптапты ыстықтан, желден, құрғақшылықтан қорғаса, қыста ысқырған боранның қарды ысырып әкетуіне жол бермейді. «Орман – ең алдымен адамның денсаулығы» – дер еді дәрігер. Демалыс үйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады. Себебі, оның ауасы таза, әрі шипалы. Жасыл ағаштар болмаса, біздің ғаламшарымыздағы оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді. 
Бір сөзбен айтқанда, шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ деуге болады. Тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдарының орманнан алынатынын былай қойғанда, басқа да қаншама заттар бар. Мысалы, небір құнды аң терілері, жабайы кәсіптік құстардың дәмді еті мен мамығы, тіл үйіретін тәтті жеміс-жидегі, жылы, сәнді киім, төсеніш, азық-түлік, т.б. 
Орман – жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы, мол байлықтың қасиетті қоймасы. Ол – «жайқалған жасыл теңіз», жерімізді көріктендіріп, өзінің қанық бояуымен, құстардың сайраған әсем әуенімен, жапырағының сырлы сыбдырымен адамды шаттыққа бөлейді. 
Жинақтап айтқанда, орман, тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан да мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. 
4,4(53 оценок)
Ответ:
Kamiliya2045
Kamiliya2045
09.08.2020
Данияр Маратұлы Елеусінов (род. 13 ақпан 1991 жыл) — қазақстандық әуесқой боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Олимпиада чемпионы ойындар 2016 жылы Бразилияда өтетін салмақта (69 кг дейін әлем Чемпионы, әуесқойлар арасында 2013 жылы екі дүркін Азия ойындарының чемпионы, 2010 және 2014 жылғы.Дүниеге келген Батыс Қазақстан облысы, казталов ауданы, Казталов кенті, Березино (Қайыңды).
Болып табылады соблюдающим мұсылман, ол туралы ашық жариялады жеңісінен кейін Олимпиада ойындарына, 2016 жылғы Рио.
Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, кадеттер арасындағы әлем чемпионы, 2006 жылғы әлем чемпионатының финалисті, жастар арасында 2008 жылғы (Мексика), Жастар Ойындарының чемпионы, Қазақстанның 2009 жылғы чемпионы, 2010 жылғы Қазақстанның чемпионы, Гуанчжоуда өткен Азия Ойындарының 2010 жылғы жеңімпазы, құрлықтық олимпиадалық біліктілік турнирінің 2012 жылғы жеңімпазы, ҚР Кубогы-2012.
Тұрады және жаттығады Астанада басшылығымен әкемнің еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Елеусіновтің Талиповича.
2013 жылы Азия чемпионы атанды салмақта (69 кг.
Олимпиадаға қатысушы, 2012 жылы Лондонда.
26 қазан 2013 жылғы әлем чемпионы, бокстан әуесқойлар арасында да 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өтті, сайыста жеңіске жетіп, финалда боксшы Кубадан Ариснойдиса Деспанье есебімен 30-27. Екі жылдан кейін әлем чемпионаты Дохада күміс, сол салмақта.
Тамыз айында 2016 жылғы Данияр Елеусінов олимпиада чемпионы атанып, Олимпиада Ойындарында Рио-де-Жанейро, сайыста жеңіске жетіп, финалда өзбек боксшысы Шахрама Гиясова.
4,6(85 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ