Менің досым.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!
Ұлы Жібек жолының болған кезіндегі Қазақстан тарихы.
Ұлы Жібек жолы Қазақстан территориясында Қытай шекарасынан бастау алды. Аспан империясының саудагерлері сол кездегі жібек, қару-жарақ, дәрі-дәрмектер, күріш, сондай-ақ экзотикалық тауарларды, мысалы, піл тістерін, қазақ даласы арқылы батысқа, Еуропаға алып жүрді. Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағы арқылы өтетін негізгі жолы елдің оңтүстігінен өтіп, Қытай шекарасынан бастау алады. Сауда керуендері Сайрам, Яссы, Отырар, Тараз қалалары арқылы Орталық Азияға, Персияға, Кавказға және сол жерден Еуропаға жол тартатын болған. Бұл қалалардың барлығы өздерінің пайда болуына көпестерге қарыздар, олар үлкен қазақ даласын еңсеріп, керуен сарайға айналатын аялдамалар, ал өз кезегінде қалаларға айналған елді мекендерге айналды.
Объяснение:
Воот.
Надеюсь ❤.