түсіндірмелі сөздік: Сырма тоқым. э т н. Сырылып жасалған тоқым. Осыған байланысты тоқымдар киіз тоқым, с ы р м а т о қ ы м, көмкерме тоқым, былғары тоқым деген түрлерге бөлінеді (Қаз. этнография., 2, 64).
этимологиялық сөздігi жете: жетесі жаман. Жетең жаман болмаса, жете жарлы болмассың (мақал). Араб тілінде жадд (жете) сөзі "ата, ата тек, арғы ата баба" деген ұғымда жұмсалады. осы мағынада қазақта жетесіз екенсің, жетесі жоқ, жетесіз сияқты бірсыпыра сөздер қолданылады. мәні "тексіз"
фразиологиялық сөздік Адал еңбек етті: Өз күшін өзгеге қиянат, кесірі жоқ іске, кәсіпке жұмсады. Сөйтіп ол бұрынғы пендешілігін қояды, адал еңбек етеді.
Диалектологиялық сөздік Сарамдасу — танысу, білісу, жөн сұрасу
Терминологиялық сөздік Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
Аударма сөздік алма-яблоко-apple
Арнаулы сөздік жұлысу, жұлұсу; егіс жер, егіш шер
Синонимдік сөздіктер Әдемі - реңді, әсем, кейіпті, бүлдіршін, пішінді, көркем, өңді, реңкті, сұлу, шырайлы, келбетті, әйбат, көрікті, кескінді, айдай, арайлы, ажарлы, гөзел, дидарлы, еліктің лағындай, жанаттай, жүзіктің көзінен өткендей, тамаша, керемет, абзал, сымбатты, келісті, әсерлі, сүйкімді, әрлі
3. «Синквейн» әдісін қолданып, «Әпке» сөзімен бес жолды
өлең құрастырыңдар:
Бірінші жол – тақырыптың атауы (зат есім).
Екінші жол – тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).
Үшінші жол тақырып туралы қимылды білдіретін үш
сөз (етістік).
Төртінші жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын
сөз орамы.
Бесінші жол – бір сөз –
бір сөз – тақырыптың мәнін ашатын сино-
ним сөз.
люди