Әр халықтың қалыптасу,даму жолында өзіне тән ерекшеліктері жетерлік.Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі Күлтегін ескерткіші. Атап айтқанда көне дәуірдегі мәдени мұралар өте-көп. Мысалы: Білге қаған,Култегін,Тоныкөк. Бұл тарихи құндылықтарды зерделеп жарыққа шығару қай мемлекетте болмасын маңызды мәселелердің біріне айналған. Кеңестер одағы кезінде, СССР кезінде тарихымызды зерттеу мүмкін болмады. Сондықтан болар ата-бабамыздың осындай бай мұрасы Түркі әлемін зерттеуде ғалымдарымыздың негізгі еңбектері егемендіктен кейін ғана көріне бастады. Мысалы Ғ.Айдоров екі жүз елу ден астам ғылыми зерттеу еңбектер мен оқулықтар жазған.Орхон Енисей жазуы маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.
күрделі сөздер: қалыптасу-даму,Орхон-Енисей,өте-көп,СССР, ата-бабаларымыз,екі жүз елу.
Баланың бос уақытын қалайша тиімді өткізуге болады? Бұл сұраққа әрбір ата-ана өзінше жауап береді. Бірі баланы түрлі үйірмелер мен қосымшаларға, спорттық секцияларға апарса, екіншісі керісінше, мектеп бағдарламасынан өзгенің барлығын «бос әурешілікке» теңейді. Мамандардың пікірінше, бастауыш сынып оқушыларына аптасына 1-2 қосымша сабақ жеткілікті болса, одан сәл үлкен балаларға бір мезетте 2-3 үйірмеге қатысу қиындық туғызбайды. Ал жоғарғы сынып оқушыларының үйірмелер мен секцияларға уақыты жоқ екені белгілі. Себебі олардың барлық уақыты мен зейіні жоғарғы оқу орнына түсуге дайындалуға кетеді.