Қазақ халқы ұл баланың тәрбиесіне келгенде қатал және талаптары жоғары болған.
1.Олар ұлбаланы даланың жұмыстарын істеуге үйреткен,ауыр жұмыстар тапсырған.Ұл баланы төзімшілдікке,әділдікке,сабырлыққа үйреткен.Бірақ ұл бала ата анасынан тәуелді болмаған.Себебі,батырлар туралы аныз,поэмаларды оқысақ соны байқауға болады.
2.Менің ойымша ұл бала біріншіден,ақылды,сабырлы,әділ,жақсы,жомарт,адал,сенімді,жұмысында шебер болуы керек.Әсіресе ауыр жұмыстарды:бір затты көтеру немесе бір нәрсе сынып қалса жөндеу сияқты заттарды бірден жасау керек.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады