Қазақстан және әлемдік қауымдастық
1992 жыл Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылу жылы болды. 1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп 30 ел таныды. Осының арқасында 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан ең беделді халықаралық ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 46/224 Қазақстан Республикасын БҰҰ-на қабылдау туралы қарарына бірауыздан дауыс берді.
БҰҰ әлем халықтары Қазақстанның бейбітшілік пен ынтымақтастық саясатының куәсі болғандығын айтады. Осы жылы Қазақстан Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына (ЕЫҚҰ) мүшелікке өтті. 1992 жылдың соңында Қазақстанды дүниежүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнады. Еліміз аз ғана уақытта әлемдік қауымдастыққа еніп, танымал болуына оның БҰҰ-на мүше болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан жаһандық бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтасу құндылықтарын жақтайтын дамыған әлемдік қатынастар жүйесіне енді. БҰҰ-ға мүше болу арқылы Қазақстан әлемдік саясаттың барлық салаларына қатысуға толыққанды мүмкіндік алды. Ол өзінің ұлттық мүдделерін қорғай алатын әлемдік саясат субъектісіне айналды. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көпвекторлық сыртқы саясат ұстанды. Ол әлемдік басым державалар арасындағы қатынастарды, халықаралық қатынастардағы одақтар жүйесін және әлемдік тартылыс күштерінің негізгі нүктелерінің ықпалдарын есептеуге ұмтылды.
Синтаксистік талдау дегеніміз ол сөйлемнің айтылу мақсатына қарай талдау, Құрылысына қарай, мысалға кұрмалас жай аралас сөйлем және де сөйлем мүшелерінен берілген сөз қай түрге жататынын тауып, оның астын сол сөйлем мүшесін анықтайтын белгісімен сызу.
Морфологиялық талдау ол берілген сөзге я сөз тіркесіне сипаттама беру. мысалы оның дара күрделі екендігін оған омоним синоним антоним ж/е т.с.с. оның мағынасын ашатын фразеологизмді жазу ж/е т.б әр сөз табына жеке морфологиялық талдау жасау үшін арнайы кесте беріледі сол кестеге саған қарау керек.
Фонетикалық талдау деген ол сөздің дауысты (жіңішке жуан ашық қысаң еріндік езулік )
дауыссыз(қатаң ұяң үнімді тіс ерін шұғыл және т.с.с) дыбыстарды сипаттайсың. Және де орфоэпия орфография үндестік заңын буын тасымалын және т.с.с етіп жазасын. Басқаны әлі білмеймін. Бұл кешенді дегенін өткенде ғана саған жазармын. Сізде кестелер болуы керек.