М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
papka89
papka89
09.03.2020 13:31 •  Қазақ тiлi

Табиган адам га не беред?

👇
Ответ:
arishkaz
arishkaz
09.03.2020

Табиғат адамзаттың қайнар көзі. Табиғат өмірімізге қажетті рухани байлық. Табиғат – айналамызды қоршап тұрған ізгілікті әлем. Табиғат – адам тәрбиешісі. Өйткені а табиғатта, тіршілікте өсіп-өніп, жетілген, алып өз пайдасына жаратқан.

Табиғат – ырыздықтың, ырыс пен мол қазынаның кайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?!

Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонады.

Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Қазақтар жұлдыздарға қарап бағыт бағдарды болжаған. Табиғаттағы жануарлардың мүйізінен немесе өсімдіктің тамырынан халық емшілері дәрі – дәрмектер жасаған сонымен қатар адам ағзасына дәрінің септігін тиерін анықтаған. Табиғаттың сырын білмей, қалай болса солай пайдалану ойға қонымсыз. Өйткені, оның салдарынан табиғат байлықтары кеми түседі.

Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне өте қауіпті жағдай тудыруда. Салауатты өмір салтын ұстану аясында адамның қоршаған ортасы таза болуы шарт. Табиғаттың қорғаны жас ұрпақ – біз. Табиғат адамның бойына қуат, өзіне шабыт беруші. Табиғат біз киетін киімді, оқитын кітапты, тамақтанатын тағамды, ас дақылдарын бәрін де табиғаттан аламыз. Өлкелерді көгалдандыру  жұмысы жүргізілсе деймін. Экологияны және адам өмірін бірдей сақтау үшін тезірек әрекет ету керек. Адамның ағзасын нашарлауы шаң-тозаң, қатты суық және ыстық желдерден микробтар, түтін, улы газдар мен бактериялардан бастау алады.

Объяснение:

4,4(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
2006zahar2006
2006zahar2006
09.03.2020
Шығыс Қазақстан Еуразияның жүрегінде орналасқан. Рудалық және Оңтүстік Алтай, Қалба тау жоталары алып аумағының үлкен бөлігі, Сауыр-Тарбағатай. Негізгі өзендері - Ертіс, Оба, Үлбі, Бұқтырма. Big Lake - Марқакөл, Зайсан, Rakhmanovskoe, Сасықкөл, Алакөл, бұғы. климаттың күрт континенталды. Шығыс Қазақстан, шөл, дала, тайга, тау, көптеген өзендер мен көлдердің тамаша табиғаты, әдемі көріністі құру.осы аймақтың сұлулық туристік тур бірінде ләззат алады.Шығыс Қазақстан 24 ұлттық резервтен тұрады. Сирек жануарлар Сіз кездесед
4,4(40 оценок)
Ответ:
ElenaComarova
ElenaComarova
09.03.2020
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
4,5(42 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ