Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым – қатынасқа көшпес бұрынғы хал – жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Тимурдың үйіне достарын ертіп келуі, Сұлтанның туған күнін атап өту
Сюжеттік байланыс – адамдар арсындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Қонақтармен үй ішіндегілердің танысуы, әр түрлі көзқарастар
Шиеленісуі – оқиғаның, адамдар арасындағы іс - әрекеттің шиеленісіп, ширығуы. Қамажайдың жұмысқа тұруы, Тимурдың үйленуі
Шарықтау шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арсындағы қимыл - әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Қамажайдың Қабенмен арақатынасты үзуі, әпке-келін, әпке-іні, аға-қарындас арасындағы кикілжің, Тимур мен Кәмиланың үйден кетуі.
Шығарманың шешімі – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»; адамдар арсындағы қарама – қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал – күйі; күллі құбылыс – көріністердің соңғы сахнасы.
Ананың мерейтойы, қара шаңырақтағы тойды өткізушілер-Қамажай мен Ермек, көршілер