М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nastakim68
nastakim68
03.08.2022 12:33 •  Қазақ тiлi

Қажымұқан туралы мәтін 50-60 сөз​

👇
Ответ:
normanajas15
normanajas15
03.08.2022

Қажымұқан қазақ халқының бір туар азаматы,тау тұлғасы. Қажымұқандай алыптан келер жас буындар үлгі алар болса нұр үстіне нұр болар еді. Оның асқан батырлығы,тал бойындағы ержүректілігі мен мықтылығы біле білгенге үлкен өнеге мектебі

4,6(92 оценок)
Ответ:
reginaruzova1
reginaruzova1
03.08.2022

Орасан күш иесі, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, жауырыны жер иіскемеген алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген.

Отбасының тұрмыстық жағдайы нашар болғандықтан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. 12 – 13 жасар кездің өзінде тұлғасы 20 жасар жігіттей болыпты.

18 жасында Омбы қаласына келіп, тұңғыш циркті көріп, алғаш рет сонда күресіп, көзге түскен екен. Сөйтіп айналасындағы адамдардың кеңесімен спорттың оқуын оқымақ мақсатымен 1889 жылы Петербургге келіпті.

Сөйтіп, 1891 жылы алғаш рет әлемдік деңгейде күресіп, Иван Заикинді жеңеді.

Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Ол Еуропа, Азия, Оңтүстік Америка елдерін шарлаған. Тек қана Солтүстік Америкаға табаны тимеген екен. Әлемнің 28 мемлекетінде күресіп, 56 медаль иеленген екен.

Бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен намысшыл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш етіп танытқан, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз - баршамыз үлгі тұтарлықтай ұлы тұлға!

Объяснение:

4,4(67 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Никk
Никk
03.08.2022

Менің қысқы демалысым туралы.

Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, екінші тоқсан да аяқталып, қысқы демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы қысқы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай  көлге шомыла алмасақ та, түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күндіз шана теуіп, қар лақтырысып та ойнадық. Қысқы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен көктем мезгілінде де келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!

4,4(80 оценок)
Ответ:
Begli37283
Begli37283
03.08.2022

Менің қысқы демалысым

Қысқы демалыс басталысымен мен ауылға кеттім. Онда менің атам мен әжем, көкем мен тәтем және бауырларым тұрады. Көкеме қар күреуге көмектестім. Бауырларыммен қардан аққала жасап, есік алдында өсіп тұрған шыршаны ойыншықтармен безендірдік. Ауыл балаларымен қырдан шана тептік, қар лақтырысып ойнадық. Ойнап келген соң, әжемнің ыстық бауырсақтарымен шай ішетінбіз. Жаңа жылда қаладан ата - анам келіп, бәрімізге сыйлық әкелді. Қысқы демалысым өте қызықты өтті.

Мои зимние каникулы

С началом зимних каникул я уехал в аул. Там живут мои дедушка с бабушкой, дядя с тетей, брат и сестра. Я дяде чистить снег. С братом и сестрой слепили снеговика, украсили игрушками елку во дворе. С другими детьми с аула катались на санках, играли в "снежки". После игр возвращались домой и пили чай с бабушкиными горячими баурсаками. На новый год приехали родители с города и привезли всем подарки. Зимние каникулы очень весело.

4,5(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ