Пайымдау әңгіме
Еңбекқор құмырсқа.
Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.
Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.
Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ.